пятница, 29 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
3oC
1xadv
×

Павлодарда Малайсары батырды еске алуға арналған республикалықашық біріншілікке 100-ден астам спортшы қатысты

Павлодар қаласындағы «Автомобилист» спорт кешенінде Nomad-MMA бойынша жекпе-жектен өткен республикалық ашық біріншілікке112 спортшы қатысты, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Ұлт қаһарманы Малайсары батырды еске алуға арналған додаға Алматы, Астана, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Семей, Павлодар қалаларының спортшылары жиналды. Шараны ұйымдастыруға аралас жауынгерлік жекпе-жектің қазақстандық үлгісі MMA-ның негізін салушы, Nomad-MMA халықаралық федерациясының төрағасы,  Қазақстан жауынгерлік өнері одағының жоғарғы кеңесі төралқасының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, еркін күрес бойынша КСРО спорт шебері Сергей Ан,т Nomad-MMA Павлодар облыстық федерациясының төрағасы,  еркін күрес бойынша КСРО спорт шебері Серік Арынов және өзге де белгілі спорт шеберлері, жаттықтырушылар, бапкерлер, төрешілер  мұрындық болды. Сондай-ақ, Ермат Байқұрманов басшылық ететін «Малайсары-Тархан» облыстық қоғамдық қоры мен өзге де мекемелер демеушілік жасап,  Малайсары батырды еске алуға арналған сайыстың тартысты да  тартымды өтуіне атсалысты. Жарыс қорытындысы бойынша қарағандылық спортшылар командасы бірінші орынды жеңіп алды, екінші  орынды павлодарлықтар иеленсе, үшінші орын Семей қаласы командасының еншісіне тиді.

Серік Арыновтың айтуынша, Nomad-MMA  облыстық федерациясы  2016 жылдың мамыр айында құрылылған. Бұлбіріншілік федерацияның бастамасымен өткізілген республикалық деңгейдегі алғашқы шара. Ал жергілікті спорт жанкүйерлері болса,  жауынгерлік жекпе-жек өнерінің осы түрі алдағы уақытта Павлодар облысында мейлінше дамып, жастарды спортқа баулумен қатар қазақстандық патриотизм сезіміне тәрбиелейді деген ойда. 

Еске сала кетейік, былтыр  облыстағы жекеменшік «Малайсары-Тархан» қоғамдық қоры Павлодар қаласында бой көтеретін Малайсары батыр ескерткішінің үздік эскиздік жобасына байқау жариялаған.

Қор төрағасы Ермат Байқұрмановтың айтуынша, болашақ ескерткіш таза қоладан құйылады. Нысанның жалпы биіктігі 11 метрді құрайды. Нақтырақ айтқанда, тұғыр 5 метрлік, ал мүсіннің өзі 6 метрлік болады.

«Ескерткішті соғуға облыстың жомарт азаматтары қаржылық қолдау көрсетеді деген үміт бар. Мүсіннің бой көтеруіне жұмсайтын бюджет 45 миллион теңге болмақ. Десе де, бұл қаражат аздық ете ме деген күмән бар», — дейді Е. Байғұмаров.

Айта кетерлігі, Малайсары шамамен 1700-1756 жылдар аралығында өмір сүрген Орта жүздің батыры әрі, биі. Арғын ішіндегі Бәсентиін руынан тараған. Тарихшылардың мәліметтеріне сүйенсек, Малайсары Абылай ханның сұлтан кезінен сенімді серігі болған.

Қазіргі Павлодар облысы Май ауданындағы Малайсарының туған жеріне, Жоңғар Алатауының батыс сілеміндегі тауға Малайсары есімі берілген.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0