воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-10oC
×

«Мектепке жол» республикалық акциясы Алматы облысында басталды

Алматы облысында «Мектепке жол» акциясы «Бақытты балалық аумағы» ұранымен өтуде, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Ұйымдастырушылар тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-аналарының қарауынсыз қалған балаларға көмек көрсетпек.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаевтың айтуынша, акция кезінде педагогтар әртүрлі себептермен мектепке бармай жүрген балаларды анықтайтын болады.

Мұғалімдер елді мекендерде, қала маңындағы саяжайларда оқудан жалтарған балаларды табу жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде.

Әкімнің орынбасары сондай-ақ осындай рейдтер нәтижесі негізінде білім беру органдарына, демеушілер мен меценаттарға көмек көрсету үшін берілетін балалардың атаулы және жекелей тізімдері жасалатынын атап өтті.

«Өткен жылы меценаттар, Алматы облысының тұрғындары тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан 52 мың балаға көмек көрсетті», — деп атап өтті облыстық білім басқармасының бастығы Ләззат Базарқұлова.

Алматы облысы әкімінің өкіміне сәйкес аудандар мен қалалар әкімдеріне «Мектепке жол» акциясы ауқымында көмек көрсету үшін ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелер бекітіледі. 

Акция қорытындылары кәмелетке толмағандар ісі және оларды қорғау  жөніндегі аудандық, қалалық комиссиялардың отырыстарына қаралатын болады. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0