Павлодарда халықаралық «Astana ЕХРО-2017» көрмесіне 50 ерікті қабылданады
Павлодарда 17-қыркүйек күні жастарға қызмет көрсету орталығында халықаралық «Astana ЕХРО-2017» көрмесіне қатысуға қосымша 50 еріктіні қабылдау үшін іріктеу жүргізіледі, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.
Павлодар облысы жастар саясаты жөніндегі басқармасының басшысы Наталья Нефедованың айтуынша, үш тілді меңгерген әрі еріктілер жобасында тәжірибесі бар жандарға таңдау жасалады.
«Астаналық ұйымдастырушылар қосымша 50 адамды дайындау үшін квота бөліп отыр. Сондықтан жоғары оқу орындары мен колледждерде білім алатын студенттердің арасынан кәсіби білікті еріктілерді дайындау мүмкіндігіне ие болдық. 17-қыркүйек күні қатысушылардың тілді қаншалықты меңгергені тексеріліп, психологпен сұхбат өткізіледі. Ол үшін оқу немесе жұмыс орнынан мінездеме, өмірбаян, алғыс хаттар мен грамоталарын әкелуі керек. Іріктеуден кейін жастар тіл оқытушыларымен және Астанадағы ЭКСПО-орталығында дайындықтан өткен сертификаттары бар үш тьютормен бірге жұмыс істейді. Қараша айында өтетін соңғы іріктеуде ұйымдастырушылар еріктілерді елордаға және Павлодар облысының туристік нысандарына бөледі», — деді Наталья Нефедова.
Еске сала кетейік, жастар бастамаларын дамыту орталығы С. Торайғыров атындағы ПМУ-мен бірге 100 еріктіні дайындаған. Олар дүниежүзілік «Astana ЕХРО-2017» көрмесіне аттанады. Сондай-ақ, 50 адам Баянауыл мен Шалдайда «EXPO-2017» нысандарында көмектеседі. Қазіргі таңда еріктілерді дайындау барлық бағыт бойынша өткізілуде. Жаңа оқу жылынан бастап аптасына үш рет студенттермен жұмыс жүргізіледі.
Айта кетерлігі, Қазақстанға «ЭКСПО-2017» бағытымен танысуға келген 100 туристік оператордың он беске жуығы туристерді Павлодар облысына әкелуді көздеп отыр.
«Саят-Павлодар» туристік фирмасының директоры Гүлмира Әтірғалиеваның айтуынша, жүз туроператордың екеуі Екатеринбургтен, біреуі Барнауылдан және он бірі Қытайдан келген. Олар Павлодар облысына баруға өздері ниет білдірген. Делегацияның қалған құрамы кештеу келеді.
«Екатерибургтен келген меймандарға өлкетану мұражайын аралатамыз. Одан кейін қала бойынша үш сағаттық экскурсия барысында көрнекі орындарды көрсетіп, өңір тарихы туралы айтамыз. Алдағы уақытта астаналық туристік компаниямен жасалатын келісімшарт аясында клиенттерді Павлодар облысына тасымалдау жоспарда бар. Біздің аймақта еліміздің оңтүстік және шығыс өңірлеріндегідей ескерткіштер жоқ. Дегенмен қытайлық серіктестерге Шығыс Қазақстан облысын немесе Павлодар облысын таңдау керек болды. Олар суреттер мен видео арқылы Баянауылдың табиғатын көріп, өз көздерімен көргісі келді. Сондай-ақ, Үрімші, Шанхай және Пекиннен де серіктестер Павлодар облысына қызығушылық білдіруде. Қытайлықтар үнемі топтасып сапарға шығады. Әлбетте, мұның барлығы облыс экономикасына және қызмет көрсету саласына қаншама пайда әкеледі», — дейді Гүлмира Әтірғалиева.
-
Заставлял беременную жену заниматься сексом с другом: Опубликованы жуткие видео31.01.2023, 12:55На лодке добираются до школы дети в Кызылординской области31.01.2023, 10:23«Мне тут нравится!»: Российский турист не хочет уезжать из Шымкента31.01.2023, 20:32Сперма во рту: Расследование возобновили после громкого заявления31.01.2023, 16:08Известная казахстанка выразила мнение о россиянах31.01.2023, 15:11«Дыши Алматы!»: Очищать воздух в мегаполисе предлагают путем распыления воды с высотыСегодня, 00:10
-
15:24Машины по льготному автокредитованию должны доставить за 60 дней15:10Казахстанец пытался хайпануть ворованными видео с избиениями14:56Снег и дождь прогнозируют в Казахстане в ближайшие три дня14:42Наркосиндикат «накрыли» в Казахстане14:28В Казахстане планируется открытие Kotak Bank?14:14Завораживающий танец фигуристки на льду покорил Казнет14:00Февраль в Казахстане будет по-настоящему зимним, но не везде13:04Казахстанский актер получил награду за «Лучшую мужскую роль»12:52Ученый разработал методику развития речи казахоязычных детей с потерей слуха12:3912 дней отдыха ждут казахстанцев в марте12:25Акимат намерено не подключал теплицу к электричеству12:11116 тыс за 10 лет стажа – мошенники орудуют от лица Отбасы банка11:57Политолог: «Без порядка невозможно построить справедливый Казахстан»11:43С 6 февраля льготное автокредитование можно будет оформить онлайн11:28Смелый поступок водителя автобуса в Алматы обсуждают в Сети