Шарбақты ауданына «Солтүстіктен – Оңтүстікке» бағдарламасы аясында төрт отбасы қоныс аударады
«КС ет» шаруа қожалығының басшылығы «Солтүстіктен – Оңтүстікке» бағдарламасы аясында төрт отбасын жұмысқа шақыруды көздеп отыр, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.
Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Абдулла Омаровтың айтуынша, кәсіпкерлер мұнда 2014 жылы көшіп келіп, 12 сиыр қорасын, үш мың тонна өнім сақтайтын астық қоймасы мен жатақхана салған. Сонымен қатар, бизнесмендер мемлекеттік бағдарламаға қатысқан. Олар «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 88 бас бұқа мен 1600 герефорд тұқымдас және ақбас сиыр сатып алған.
«Олар біздің өңірдің экономикасына 800 миллион теңге салған. Мемлекет тарапынан 80 пайызы субсидияландырылатын «Жайылымдарды суландыру» бағдарламасы бойынша 21 ұңғыма қазылған. Оның жетеуіне 7,6 млн теңге көлемінде субсидия және «Асыл тұқымды қайта қалыптастыру» бағдарламасы бойынша қосымша 47 млн теңге алды», — дейді Абдулла Омаров.
Бизнесменнің сөзіне сүйенсек, кәсіпкердің 12 мың гектар жері бар. Оның алты мың гектары егіндік, қалғаны шабындыққа берілген. Биылғы жылы фермерлер алғаш рет екі мың гектар жерге судан шөбін еккен. Бұдан басқа, бір гектар жерге арпа себілген. - Бізде 37 адам жұмыс істейді. Олардың 70 пайызы жергілікті тұрғындар, қалғаны Май және Ақтоғай аудандарынан келген. Олардың отбасы үшін тегін тұратын жатақхана салдық. Ғимарат 45 төрт отбасын «Солтүстіктен – Оңтүстікке» бағдарламасы бойынша шақыруды жоспарлап отырмыз», — дейді «КС ет» шаруа қожалығы басшысының міндетін атқарушы Абзал Төлеубеков.
Облыстық білім беру басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, 2014 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына 13 мамандық бойынша еліміздің оңтүстік өңірінен 140 студент қабылданған болатын. Олардың ішінде студент өз еркімен денсаулығы мен отбасының жағдайына байланысты оқудан шығарылған. Былтыр Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты аталмыш бағдарлама аясында 17 мамандық бойынша 175 грант бөлінді. 2015-2016 оқу жылы Оңтүстік Қазақстан облысы өңірінен арнайы жалпы орта оқу орындарына 175 адамды қабылданы. Олар Павлодар қаласының технологиялық бизнес колледжі, көлік және коммуникациялық колледжі, химия-механикалық колледжі, Ақсу қаласының Жаяу Мұса атындағы колледж және Красноармейка агралық-техникалық колледжінде білім алуда. Аталмыш бағдарлама бойынша оқитын студенттерге шәкіртақы, тегін жатақхана, күніне үш рет тегін тамақтану, жылына екі рет үйіне барып келу үшін жолақы, киім-кешек, медициналық қызмет көрсету сияқты әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған.
Еске сала кетейік, Ресейге қоныс аударып жатқандардың артуымен байланысты Солтүстіктің тұрғындары соңғы жылдары азайып барады. 2050 жылға қарай мұндағы халық саны тағы 1 миллионға қысқаруы мүмкін. Ал оңтүстікте керісінше өсім қарқыны күшті. Алдағы 20 жылда адам саны бұл өңірде 5 миллионға артады деп есептепті мамандар. Сондықтан солтүстік облыстарға барып жұмыс істейтіндерге мемлекет қолдау көрсетпекші.
-
Алматинец мастурбировал в автобусе, глядя в глаза пассажирки02.02.2023, 16:33Заставлял беременную жену ублажать друга: Карагандинцу вынесли приговор02.02.2023, 09:56Иностранку, пропавшую 25 лет назад, нашли на юге Казахстана02.02.2023, 06:47«Не подкинут наркотики в карман»: Релокант из России о КазахстанеСегодня, 11:20Алматинец застрелил жену и покончил с собой: Соседи рассказали подробности трагедии02.02.2023, 03:38«Если на меня подадут в суд, я уеду»: Иностранные инвесторы о проблемах с бизнесом в ШымкентеСегодня, 00:00
-
23:23«Двойная потеря»: Приемные родители чаще стали возвращать детей в детские дома22:50«Всемогущая» дама задержана полицией в Алматы22:21Впервые в истории «Дембель той» сняли на видео21:42Глава государства посетил выставку ремесленников в Таразе21:35Ущерб более 6 млрд: В Алматы вынесли приговор организаторам финпирамиды21:10Умер модельер Пако Рабан20:50Токаев посетил новую поликлинику села Сарыкемер20:38Вооруженного мужчину задержали в Астане20:12«Ерекше баланың анасымын»: Төреғалидің әйелі күтпеген мәлімдеме жасады19:47Президент пришел домой к жителю аула Костобе19:37Подросток насиловал сверстника — полиция начала расследование19:05«Остался без присмотра»: 4-х летнего ребенка ударило током на прогулке18:50Государство выделит 1 трлн на развитие сельхозкооперации – Токаев18:33Экс-чиновников арестовали за земельные злоупотребления в Таразе18:18Токаев ознакомился с деятельностью птицефабрики в Жамбылской области