Маңғыстаулықтар асыға күткен «Aktau Open Fest 2016» фестивалі басталды
Жыл сайынгы фестивальді салтанатты түрде облыс әкімі Алик Айдарбаев ашып берген болатын, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Ашылу салтанатында ақтаулықтар Тамара Асар, Нұрлан Өнербаев сынды танымал әншілердің өлеңдерін тамсана тындап, соңында гала концертке күә болды.
«Aktau Open Fest » фестивалі төртінші рет өткізілуде. Бұл шараны ақтаулықтар асыға күткен болатын. Алғашқы күні теңіз жағасына жиналғандар көп болды. Биылғы шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып өткізілуде. Ұйымдастырушылар 3 күн бойы қала халқына қуанышты көңіл-күй сыйлауға дайын екендерін айтып те үлгерді.
Фестивальдің бірінші күні облыс әкімі Алик Айдарбаев келіп, жұртшылықты аталмыш шараның ашылуымен құттықтады.
«Бүгін дәстүрге айналған «Ақтау опен фест» фестивалін өткізгелі тұрмыз. Шараның ауқымы жыл сайын кеңейіп келеді. Бүгінгі шараның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, көпшілікті спортпен шұғылдануға насихаттау, өскелең ұрпаққа үлгі көрсету», — деді Маңғыстау облысының әкімі.
Гала-концерттің алғашқы шымылдығын Әділ Ахметов пен Тамара Асар ашты. Өткен жылы ресми тілде болса енді, фестиваль ұлттық нақышқа ден қойып отыр. Ерекшелігі де осы. Шара аясында 5-томдық «Тіл таңбалы ақындар» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Мұнда Маңғыстаудың ақын жырауларының еңбектері жинақталған. 18-ші ғасырдан бастап бүгінгінің тұлғаларына дейін бар. Бұл тарих, болашаққа қалатын мұра. Сондықтан ақтаулықтар жинақтың фестиваль аясында жарық көргеніне қуанды.
Мереке қазақстандық эстрада және жергілікті жұлдыздардың концертімен жалғасты. Алғашқы күні Сүндет Байғожин, Нұрлан Өнербаев, Тамара Асар өнер көрсетті. Арнайы шақыртылған қонақтардың айтуынша мұндай фестивальдің жастарға берері мол.
Фестивальдің алғашқы күні сәтті өтті дейді келушілер. Бүгін және ертең де ақтаулықтар кешқұрым теңіз жағасына жиналатын болады. Күндіз де көпшілік шаралар қаланың әр бөлігінде өткізіледі. Бірі - қолөнер бұйымдарын жәрмеңкеге шығарса, енді бір топ брэк биінен жарысады. Баскетбол, ұлттық ойындар ойналады. Ең ауқымды шараға кез-келген ниетті тұрғын қатысуына мүмкіндік бар.
-
«Дыши, Алматы!»: Очищать воздух в мегаполисе предлагают путем распыления воды с высоты01.02.2023, 00:10С 6 февраля льготное автокредитование можно будет оформить онлайн01.02.2023, 11:43Погибшая от наезда снегохода работала учителем, у нее осталось трое малолетних детей01.02.2023, 07:40«Купил» в жены школьницу за 600 тыс тенге: Отец озвучил новые подробности01.02.2023, 05:05Алматинец застрелил супругу и покончил жизнь самоубийством01.02.2023, 10:32В Казахстане планируется открытие Kotak Bank?01.02.2023, 14:28
-
08:10Автомобиль провалился в глубокую яму, вырытую коммунальщиками в Семее07:32Новый собственник ТЭЦ Риддера опроверг заявление о повышении тарифа06:47Иностранку, пропавшую 25 лет назад, нашли на юге Казахстана06:00Прогноз погоды в Казахстане на 2 февраля05:14Наехал на полицейских на авто: Приговор участникам январских беспорядков огласили в Актобе03:38Алматинец застрелил жену и покончил с собой: Соседи рассказали подробности трагедии02:3211 лет лишения свободы запросила прокурор для журналиста Абжана01:24Наемный рабочий, ремонтируя квартиру в Астане, украл стройматериалы на крупную сумму00:28Срок регистрации браков изменится в Казахстане