суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-5oC
×

Атырауда ашылатын мұнай айдау станциялары Қашағанның өнімділігін арттырады

Алдағы уақытта Каспий құбыр желісі консорциумы қайта жарақтаудан кейін Құрманғазы және Исатай аудандарындағы аралық мұнай айдау станциялары желісін іске қосады. Оның алғашқысы осы айдың соңы мен қазанның басында ашылады деп күтіліп отыр. Бұл туралы аталмыш мекемеде Еңбек күніне орай өткен баспасөз турында белгілі болды.

Осы екі нысанды тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға беру КҚК мұнай құбыры жүйесінің өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жиын барысында консорциумның аймақтық  менеджері Сәрсембай Мұрынов КҚК жүйесінің өткізу қабілетінің артуы арқасында Қазақстан мұнайының едәуір көлемі әлемдік нарыққа бағытталатынын атап өтті. Айта кетелік, Каспий тұрба құбыры консорциумы жалпы ұзындығы 1511 км болатын Теңіз-Новороссийск мұнай құбырына ие. Ол Қазақстанның батысындағы кеніштерді Қара теңіздің ресейлік жағалауымен жалғайды.

Жұмыс жасап отырған «Атырау» мен «Теңіз» мұнай айдау станциялары  Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Өйткені, бұл станциялардан құбыр бойынша тасымалданатын негізгі мұнай көлемдері өтеді.  Бүгінде Каспий құбыр консорциумы Қашаған мұнайын қабылдауға дайындық үстінде. Аталған кен орны қазан айында іске қосылады деп жоспарланғаны белгілі.

«Өткен жылы  консорциумның экспортқа жөнелткен мұнай көлемі 38 миллион тоннаны құраған еді. Қашаған осы айдың аяғында скважина ашса, биыл 40 миллион  тоннадан астам мұнай тасымалдақпыз. Бүгінгі күні кеңейту жобалары жүріп жатыр. Осы орайда, жоба бойынша Құрманғазы ауданында ашылатын мұнай айдау станциясы 15 млн тонна «қара алтын»айдауға мүмкіндік береді. Исатай ауданындағы МАС іске қосылса, Қазақстанның 52,5 миллион тонна мұнай айдауға күші жетеді. Бұл 90 пайыз қызмет жасағандағы жоба. Ал, жалпы, біз бүгінгі күні 98 -99 %-ға дейін барып отырмыз. Мұндай жағдайда бұрынғы екі және жаңадан ашылатын станциялар 55 миллион тоннаға дейін  мұнаймен қамтуға мүмкіндік береді», ― дейді аймақтық менеджер. Сонымен қатар, жоғарыдағы екі жоба  пайдалануға берілген жағдайда жаңадан 350 жұмыс орны да ашылады.

Журналистерге арналған баспасөз туры аясында «Атырау» мұнай айдау станциясына да  барып, сорғыны (насос) іске қосу жағдайын куә болдық.  Ауысым басшысы Бағытжан Жолдыбаевтың айтуынша, бүгінде олар «SCADA» жүйесімен жұмыс жасайды.  Бұл жүйеге станцияның әрбір нүктесінен бүкіл хабар келіп тұрады. Құрылғылардың қандай температура, қандай қысыммен (давлениемен) жұмыс жасап тұрғаны, ішкі құрылысындағы дірілі (вибрация) көрініп тұрады. «Қазіргі жағдайда Теңіз станциясынан 4500 текше шығынмен май келіп жатыр. Соны қабылдап, кері Астрахандағы станцияға сағатына 6700 текшемен тасымалдап отырмыз. Одан басқа да май тапсыратын мекемелеріміз бар.

Қазір «Ембімұнайгаздың» мекемесінің «Мартыши» кенішінен келіп жатқан мұнай жетінші түйінмен (узел), кейін үшінші және оныншы түйіндермен (узелдермен) «Қарашығанақ петролеумнан» май қабылдаудамыз. Яғни, бір күнде екі мекемеден барлығы сағатына 1800 текше. Бұл ― үлкен процесс», дейді ол. Айта кетелік, станция қызыл және көк айлаққа (зона) бөлінген. Кіре беріс пен оператор бөлмесі, асхана ғана кок айлаққа жатады. Қалғаны қызыл айлақ. Ол жерде тек мамандандырылған киім мен қорғаныс каскасы, арнайы көзілдірікпен жүру міндетті. Және телефонмен сөйлесу, суретке түсуге тиым салынған.

«Атырау» мұнай айдау станциясының басшысы Алтай Батырғалиев мекеме ішін таныстырды. Мұнда магистральді насостар, компрессорлы құрылғылармен қатар химиялық зертхана, насосты өрт сөндіргіш, төтенше жағдайдағы өрт сөндіретін су қоры да бар. Сонымен қатар, әрқайсысы сиымдылығы 20 000 текше метрлік төрт резервуар да орналасқан. «Бұл станцияда еңбек өнімі бір сәтке толас таппайды. Оның барлығы осында қызмет ететін 45-ке жуық қызметкердің еңбегі», дейді станция басшысы.

Айта кетелік, баспасөз турында журналистермен бірге, еңбек инспекциясының бөлім басшысы Марат Оспанов, кәсіпкерлік палатасынан Мақсот Қалдығұловтар да қатысты. 

                                                                                                                                                                                 Алина ЗИНЕЛ

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0