пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

Биыл Маңғыстау облысында 11 мыңнан аса адам тұрақты жұмысқа қабылданды

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 5 мың адам қызметке орналасты. Оның ішінде әлеуметтік салаға 1 300 адам жіберілсе, жастар тәжірибесіне - 1 мың адам қабылданған. Жұмыспен қамту бойынша өңірдегі мүгедектер де назардан тыс емес, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының өкілінің айтуынша, Мұнайлы ауданында жыл басынан бері 900-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бағдарламаның мүгедектер үшін тиімді шарттары бар. Оны оң пайдалана білген 40-тан аса қам көңіл жан қазір жұмыс істеп, нәпақасын тауып жүр. Аудан бойынша 3200-ден аса мүгедек тіркеуде тұр екен.  Олардың басым бөлігі еңбек етуге қауқарлы.

«Биыл 312 мүгедек жұмыссыздыққа тіркелсе, 263 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Олардың икемі көбінесі, қоғамдық, әлеуметтік жұмыстарға келетін болғасын. Олар сол салаға жұмысқа орналастырылады», — дейді Маңғыстау облысындағы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Лаура Махмұтова.

Жұмыспен қамту бағдарламасының бірінші бағыты бойынша Республикалық бюджеттен 2 миллиард 129 миллион 800 мың теңге бөлінген. Бұл қаржы әлеуметтік салада еңбек ететіндердің жалақсына жұмсалады. Ал екінші бағыт бойынша кәсіпкерлікке оқытады. Ол үшін ел қазынасынан 3 миллион бөлініпті. Басқарма өкілдерінің айтуынша өңірде медицина, білім, құрылыс саласында мамандар тапшы. Алайда, бұл мәселе осы бағдарлама аясында оң шешімін табатын болады.

Еске сала кетсек, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы болып табылады. Ол Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына «Жаңа он жылдық – Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауын және  2020 жылға дейін Қазақстанның стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бұл Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге және дамытуға бағытталған, мемлекеттік гранттар мен қарыз беру, несие бойынша пайыздарды төлеуді азайту, несиелерге кепілдік беру және  кәсіпкерлерді оқыту бағдарламасы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0