четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
-1oC
1xadv
×

Ақтауда жас мұнайшылар форумы басталды

Ақтауда «Бірлігі мықты жастар- болашаққа жол бастар» атты жас мамандар форумы жұмысын бастады. Шара ел тәуелсіздігінің 25- жылдығына арналды. Аталмыш шараға өңірдегі мұнай компанияларының жас мамандары қатысып, пікір алмасты, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Жас мұнайшыларды «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының президенті Есен Қайыржан құттықтап, белсенді жастарға алхыс хаттар тапсырды.Өзінің ізгі тілегін облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева да жеткізді.

40 жылдық тарихы бар «Қаражанбасмұнай» кен орны көптеген  жас мамандар буынын тәрбиелеп шығарған.

Компания басшылығының айтуы бойынша, қазіргі кезде кен орынның жас мамандары біліктіліктерін арттыру үшін шетелге шығып тұрады. Бұл өзара тәжірибе алмасу және кен орын жұмысына жаңа серпін беруге бағытталған. Өйткені компанияның болашағы кәсіпқой мамандармен тығыз байланысты.

«Ендігі біздің міндетіміз,менің алғашқы міндеттірімнің бірі деп есептеймін осы компанияның басшысы оретінде, сіздерді алға қарай дамытып, алға қарай өсіріп, одан да жоғары деңгейге, мына «Қаражанбасмұнай» кен орнын жаңа технологияларға әкелуге. Жаңа деңгейде басқаруға жетелеу», — дейді компания президенті Есен Қайыржан.

Айта кетсек, жас мамандар кеңесі 2013 жылы құрылған. Қазір құрамында 500-ден аса мүшесі бар. Олардың қай-қайсысы да белсенді. Осы уақыт ішінде жас мамандар кеңесі өңірдің әлеуметтік- мәдени шараларына араласып, салауатты өмір салтын насихаттау жолында көптеген жұмыс атқарды.

«Форум аясында компанияның қоғамдық өміріне белсене ат салысып жүрген Қаражанбас кен орнының бір топ жас қызметкері марапатталды. Олар компания президентінің алғыс хаттына ие болды. Бұл жас мамандардың ары қарай да еңбек етіп, компанияны жаңа деңгейге шығаруына септігін тигізеді», — деп сенеді басшылық.

Биыл екінші рет өтіп жатқан жас мамандар форумы екі күнге созылады. «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамы жанынан құрылған жас мамандар кеңесінің тағы бір  мақсаты  алдағы уақытта кеңеске мүше жастардың санын мыңға жеткізу. Жастар - ел болашағы деп атап өткен Елбасының саясатын қолдайтын компания үшін, әрбір жас маманның маңызы зор.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0