суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-6oC
×

Алматы облысының әкімі Жетісу өңірінің ерекшеліктерін атап өтті

Солтүстік Қазақстан облысына Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың басшылығымен жетісулық делегация тобы келді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Жұмыс сапары барысында қос облыстың екіжақты кездесуі өтті. Қонақтарды қарсы алған өңір басшысы Ерік Сұлтанов өңіраралық қатынастардың маңызына тоқталды.

«Біз Алматы облысының өндірістік кәсіпорындарымен ынтымақтасуға дайынбыз. Әзірге бұл салада тауар айналымы реттелмеген. Бүгінгі кездесу кәсіпкерлер арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді деген сенімдемін. Ауыл шаруашылығы саласында өзара ынтымақтасудың тамаша мүмкіндіктері бар. Біздің өңір тек қана өсімдік шауашылығы ғана емес, мал шаруашылығы, қайта өңдеу саласында да үлкен әлеуетке ие», — деп атап өтті Ерік Хамзаұлы.

Өз кезегінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Жетісу өңірінің ерекшеліктеріне тоқталып өтті.

«Біз соя, сірне, жүгері, қант қызылшасы сияқты дақылдар өндірісінде көш басындамыз. Қант зауыттарын қалпына келтірдік. Биыл 6,8 гектар жерге қызылша отырғыздық, 22-24 мың тонна қант алуды жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, алма бақтарын да қайта дамыттық. Біз қос облыстың өзара тиімді ынтымақтастығының көптеген мүмкіндігін көріп отырмыз», — деді Амандық Баталов.

Сондай-ақ, Алматы облысының әкімі өңірде фармацевтика, аккумулятор өндірісі, шағын және орта бизнес, мал шаруашылығы мен туризм салаларының жақсы дамып келе жатқанын атап өтті.

Екіжақты ынтымақтастық болашағы туралы Солтүстік Қазақстан облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Жанат Сәдуақасов баяндады. Ол бәсекеге қабілетті солтүстікқазақстандық зауыттар мен кәсіпорындар туралы толық ақпарат беріп өтті.

Тақырыпты Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Маржан Мұрат жалғастырды. Мекеме басшысы облыстың 30-дан астам өндірістік кәсіпорындары өз өнімін СҚО-ға жеткізетіндігін, ал Солтүстік Қазақстан облысынан 40-тан астам тауар түрі Алматы облысына тасымалданатынын жеткізді.

«Біз өңіраралық қатынастарды дамытуға, Алматы облысы мен Солтүстік Қазақстан облысында өндірілетін өнімнің барлық түрі бойынша кәсіпкерлер арасында өзара сұхбат алаңын құруға барынша қолдау көрсетеміз», — деді Маржан Мұрат.

Кездесу соңында қатысушылар ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, сауда-экономика, ғылым мен техника және өзге де салалар бойынша алты меморандумға қол қойды.

Амандық Баталов қос өңір ынтымақтастығын арттырып, екіжақты тауар айналымын жандандыру қажеттігін жеткізді.

«Біз СҚО-ның өндірістік кәсіпорындарына сірне немесе талдықорғандық аккумуляторларды және басқа да заттарды тасымалдай аламыз. Ең алдымен, біз Солтүстік Қазақстан облысынан ұн жеткізуге тәуелдіміз. Бұдан бөлек, біздің өңір осында құрастырылатын ауыл шаруашылығы техникаларына мұқтаж. Бүгінгі кездесу қос облыс ынтымақтастығының бастамасы ғана деп ойлаймын», — деді Амандық Баталов.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0