воскресенье, 10 ноября 2024 г.
icon
491.71
icon
529.97
icon
5.05
Алматы:
icon
5oC
Астана:
icon
0oC
×

Талдықорғанда республикалық қоғамдық келісім кеңесі өтті

Талдықорғандағы Достық үйінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры – қоғамдық келісім» атты Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумына арналған дөңгелек стол форматында кездесу өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Аталмыш жиналысқа ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл мен Юрий Тимощенко, сондай-ақ республикамыздың 16 өңірінен Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері қатысты. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық етті. Жиында алғаш болып Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы облыстық хатшылығының жетекшісі Ғабит Тұрсынбай сөз алып, Алматы облысында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту жолында атқарылып жатқан жұмыстар ретіне тоқталды.

Осыдан кейін, әр өңірден келген ҚХА өкілдері еліміздің әр облысында қоғамдық келісімді орнатудағы үздік тәжірибелерімен бөлісіп, жергілікті азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған ұсыныстарын білдірді.

«Мемлекетіміздің 25 жылдағы өсіп-өркендеп, дамуына, халықтың сеніміне ие болып, тыныштық пен берекенің ұйытқыса болу жолында Қазақстан халқы Ассамблеясының сіңірген еңбегі зор. Соның ішінде қоғамдық келісім кеңестерінің қоғамның тірегі болудағы, сондай-ақ Қазақстанды әлемге бірлігі мен ынтымағы жарасқан мемлекет ретінде таныту тұрғысындағы Елбасымыздың саясатын жүргізудегі маңызы ерекше», — деді өз сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл.

Республикалық форумның өз бастауын киелі Жетісу жерінен бастауын алғандығы және барлық игі істердің Қазақстан халқы Ассамблеясынан бастамасымен қолға алынып жатқандығы қуантады. Медиация, қоғамдық, ақсақалдар, аналар кеңестері, міне осы бастамалардың барлығының түпкі мақсаты – біздің ұлттық құндылықтары ортақ, бірлігі жарасқан бір тұтас ел екенімізді таныту. Сол үшін біздер қай жерде жүрсек те Ассамблеяның тындырымды жұмыстарын айтып жүруге тиіспіз, - деп ойын қорытты.

Басқосуды қорытындылаған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов жиын барысында сөз болған әр өңірде қолға алынған жақсы бастамалардың өзге өңірлерге үлгі болып, әрбір елді-мекенде өз жалғасын табатындығына сенім білдірді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0