+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
05.11.2016 в 18:47

Алматы облысында жаңа полициялық алаң ашылып, естелік аллеясына ағаштар отырғызылды

Алматы облысының полициясы жаңадан плац ашу рәсімін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты түрде жас қызметкерлерден ант қабылдап, Естелік аллеясына ағаш түптерін отырғызумен байланыстырды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Патриотизмді күшейту, қызметтік жауапкершілік сезімі мен полиция қызметкері атағына құрмет көрсету мақсатында өткізіліп жатқан іс-шарада офицерлер мен сержанттар алдында жаңа плацта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтеріліп, 16 жас полицей ант қабылдап, ішкі істер органдарының 12 қызметкері өздерінің арнайы атақтарын алды. 

Тәртіп сақшыларының салтанатты шеруіне Ішкі істер департаменті бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Ұрұмханов бастаған басшы құрамы, Департамент аппаратының басқармалары мен бөлімдері, қала және аудан бөлімшелерінің бастықтары және  ішкі істер органдарының ардагерлері мен Алматы облысы ІІД-нің жеке құрамы қатысты.

Шара барысында қызмет барысында қаза болған милиция сержанты Бауыржан Ақылбековті еске алуға орай өткізілген шағын футбол турнирінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Біріншілік кубогы жеңімпаз аталған Панфилов ауданының ішкі істер басқармасына табысталды. Осы турнирде екінші орынға ие болған Ішкі істер департаментінің аппараты мен үшінші орын алған Төтенше жағдайлар департаментінің командасына дипломдар табыс етілді.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген шараның соңында Департамент басшылығымен Естелік аллеясына 25 шырша ағашы отырғызылды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика