суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
5oC
Астана:
icon
-4oC
×

Алматы облысында 2020 жылға дейін автожол құрылысына 400 млрд теңге жұмсалады

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы облысына барып, өңірдің көлік-логистика инфрақұрылымы нысандарының және әлеуметтік сала нысандарының құрылыс барысымен танысқан еді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Жұмыс сапары Талдықорған қаласының әуежайын аралаудан басталды. Облыс әкімі Амандық Баталов ұшу-қону жолағын және аэровокзал ғимаратын жөндеу барысы туралы баяндады. 

Содан кейін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарына ұзындығы 112 км болатын республикалық маңызы бар Алматы – Өскемен автомобиль жолын жөндеу барысы туралы мәлімделді. 

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатов «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан аталған жобаны іске асыру барысы туралы баяндады. Бір айдың ішінде ұзындығы 245 км болатын Алматы-Талдықорған бөлігінде қозғалыс толығымен ашылады.

Жыл соңына дейін Алматы облысындағы Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізіне кіретін ұзындығы 304 км Алматы – Қорғас учаскесінде құрылыс аяқталады (4-жолақты қозғалыс және цементбетонды жабыны бар бірінші санатты жол). 

«Алматы – Талдықорған және Алматы – Қорғас автомобиль жолдары өңір үшін маңызды инфрақұрылымдық жобалар болып табылады. Жалпы 2020 жылға дейін Алматы облысының автожол инфрақұрылымына шамамен 400 млрд теңге бағытталады. Бұл бүкіл өңірдің көлік инфрақұрылымын толық жаңғыртуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті А. Мамин.

Талдықорған қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жалпы ауданы 394 га болатын Оңтүстік-Батыс тұрғын  үй массивінің құрылысы жүріп жатыр. Ағымдағы жылы 240 пәтер болатын төрт тұрғын үй құрылысы аяқталады. 706 пәтер болатын бес коммуналдық үй салынып жатыр. Тоғыз балабақша, бес мектеп, Оқушылар сарайы, емхана, көрме кешені, 16-қабатты қонақ үй, басқа да әлеуметтік нысандар салу жоспарланған. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0