четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына «25 игі іс» Ақтауда жалғасуда

Бүгін ақтаулық жастар бірнеше авто компаниялармен бірлесе көлік шеруін өткізді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Темір тұлпарлар мінген жастар шағын аудандар арасымен жүріп өтті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына осылай өз құрметтерін білдіріп шеруден соң патриоттық ән шырқады.

Автошеру 6-шы шағын ауданнан басталды. Жастар Қазақстанда жасалған 10 көлікке мініп, еліміздің көк байрағын көкке көтерді. Автошеруге тек қана жаңа көліктер шығарылған. Сауда дүкенінен бірден 10 шағын ауданды айналдып өтті. 

«Бүгінгі ұйымдастырылып отырған жастарымыздың әкімшілік қолдауымен ұйымдасытрылып отырған шараның тек қана куәгері ғана болып қоймай, оған өз үлесімізді қосып қатысушысы болғанымызға өте қуаныштымыз», — деді Ақтау «Тайота» орталығының менеджер-маркетологы Мадина Әкім.

Автошеру өнерлі жастардың концецерттік бағдарламасына ұласты. Елжандылық туралы ой айтылып, туған жер, атамекен жайлы ән шырқалды. Мұндай басқосудың  тәрбиелік мәні зор. Әр салада білім алып, еңбек етіп жүрген жастар өзара тәжірибе алмасып, бір-бірімен етене танысты. Көпшілік шаралар әсіресе жұмыс жастарды еңбекпен қамтуға мүмкіндік беріп отыр- дейді белсенділер. 

«Жұмыссыз жастар арасында қазір активность пайда болды бізде. Жақсы жұмыссыз жастар қоғамға белсенді ат салысып келе жатыр. Өз үлестерін қосып, өз қоғамға деген көзқарастарын айтып, ай сайын осы жастар үйінде жиналып бәріміз бас қосып әр түрлі мәселелер талқылаймыз», — деп атап өтті МО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аманғали Нұрдаулетов.

Айта кетсек, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жастар ресурстық орталығы облыс бойынша 250-ге жуық шара өткізуді жоспарлаған. Бүгінгі автошеру сол шаралардың бастамасы болып отыр. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0