вторник, 12 ноября 2024 г.
icon
492.65
icon
525.71
icon
5.03
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
-10oC
×

Маңғыстау облысында тұрғындарға тарифтердің қалыптасуын түсіндірді

«Нұр Отан» партиясы Түпқараған аудандық филиалы «Айкын тариф» жобасы бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Коммуналдық қызмет көрсететін компаниялардың өкілдері экономиканың даму талаптарына сәйкес тарифтердің өсу заңдылығын тұрғындарға түсіндірді.

Тұрғындары  тарапынан тарифтер бойынша өздерін толғандырған түрлі сұрақтарды қойды.  Оның ішінде І топ мүгедегі Айтқали Текееев 7 адамнан түратын отбасында айлық табыс бар болғаны 90 мың теңге екен айта келе, оның жартысынан коммуналдық қызметке кететінін тілге тиек етті. Сондықтан, тарифтерінің қалай есептелетіндігін түсіндіруді сұрады.

Өз кезегінде монополисттер қала бойынша электр энергиясының 1кВт/сағаты 14 теңге 84 тиынға, ал газдың 1 текше метрі 9 теңге 46 тиынға көтерілгенін алдыға тартты.

«Су казір әкімдіктің қолдауымен әзірше бұрынғы бағасын ұстап тұр. Бірақ қолданыстағы су тазалайтын құралдар ескі, оларды жаңғырту немесе жаңасын алу үшін үлкен қаражат қажет. 2017 жылдың бюджетінде аудандағы суға қатысты мәселерге қаржы қарастырылды», — деді «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» кәсіпорнының бөлім басшысы Жансейіт Қайнарбаев.

«Нұр Отан» партиясы Түпқараған аудандық филиалының кеңесшісі Алтынай Құлбаева аудан тұрғындары тарапынан өз қаражаттарының тиімді жұмсалуын қадағалап, тарифтердің өсу заңдылығына көңіл аударуы жиілегендігін атап өтті.

«Партияның көздегені де осы. Егер әрбір тұрғын тарифтерді қалыптастырудың ашықтығына мән беріп, Елбасының Ұлт жоспарында айтылған есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға өз үлесін қосатын болады», — деді Алтынай Құлбаева.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0