пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Шымкенттегі №3 колледж студенттері дін өкілдерімен кездесті

Кез келген мемлекеттің болашағы жастар. Жастардың өмір сүру әдебін, қызығушылығы мен талпыныстарын, жетістіктері мен кемшіліктерін сараптай отырып мемлекеттің болашағын болжауға болады. Осы орайда жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында Шымкент қаласының № 3-ші колледжінде дін мамандары студенттермен кездесті.

Іс-шараны ОҚО дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ ұйымдастырып отыр.

Кездесу барысында аталған орталықтың «Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу» бөлімі маманы Б.Омарбаев пен «Әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімі маманы М.Мұстафаев жастарға діни экстремизм мен терроризмнің зауалы туралы айтып, нақты мысалдар келтірді.

- Діни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды. Олардың басты қаруы қатігездік пен шапқыншылық. Сонымен қатар, діни антқа байлап қойған адамдардың экстремистік қатардан шыға қоюы өте қиын. Әлемдегі құбылыстардың қандайы болмасын, өзіндік пайда болу ықтималдығына бағытталған әсерге негізделе отырып, ережелер мен заңдарға сүйенген себептері мен салдары бар. Бұл заңдылықтар қатарына тек философиялық ой-пікір тұжырымдары ғана емес, еш күдіксіз қабылдануы бұйырылған Илаһи заңдылықтар да жатады, - дейді дінтанушы ғалым Б.Омарбаев өз баяндамасында.

- Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды, - деп атап өтті М.Мұстафаев.

Сонымен қатар, кездесу барысында жастарға зор пайдасы әрі мол зияны бар — әлеуметтік желілерді пайдаланудың тәртібі мен мәдениеті жайында ақпарат берілді.

Кез келген жас азамат өзінің күн тәртібіндегі әлеуметтік желінің әкелер пайдасын пайымдап, зиянын зерделеп, онымен жүйелі түрде айналысу керек деп сөз қорытындылаған мамандар кездесу соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды, қанағаттанарлық жауап берді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0