суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
5oC
Астана:
icon
3oC
1xadv
×

Дінтанушы-мамандар Шымкенттегі медициналық колледжде болды

ОҚО дін істері басқармасына қарастың «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ Шымкенттегі медициналық колледждердің бірінде болып, болашақ дәрігерлерге діни экстремизм мен терроризмнің залалы туралы айтып берді. Шараның басты мақсаты – жастар арасында деструктивті діни ағымдардың етек жаюына жол бермеу.

Аталған мекеменің «Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыр және үйлестіру» бөлімінің маманы Ғ.Аппазов студенттерге еріс діни ағымдар туралы баяндама оқумен қатар Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңын түсіндіріп берді.

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстандағы дін саясаты, дәстүрлі дін және түрлі діни ағымдар туралы, діни экстремизм туралы жалпы айтылды. Дәстүрлі дін туралы түсініктеме беріп, өзге де діни секталар туралы, олардың ықпалына түспеу және олардың қоғамның дамуына келтіретін зияны туралы толықтай айтып өтті.

«Қазір ғаламтор арқылы Экстремистік топтар мен ұйымдар өз идеяларын таратып, қатарларын көбейтуде. Ол жерден радикалды бағытты ұстанатын шейхтардың бейнежазбаларынан жихадқа шығу, шейіт болу мәселелері жөніндегі уағыздарын тыңдайды. Құран аяттары мен хадистерді бұрмалап түсіндіруге тырысатын мұндай уағыздар жастар санасына кері әсер ететіні даусыз. Бүгінгі жастар интернет әлеміне емін-еркін кіреді, жеке аккаунттарын ашып, кез келген ақпаратқа қол жеткізе алады. Міне, осы кезде діни сауаты, таным-түсінігі қалыптасып үлгермеген буынның теріс пиғылды топтардың тұзағына түсіп қалуы да оп-оңай. Жастарымыздың бір бөлігінің ғаламтор желілері арқылы теріс идеологиялардың арбауына тез ілініп, қолшоқпары болып кеткені де рас. Себебі, радикалдық топтар ғаламтор желілері арқылы дәстүрлі емес, экстремистік идеологияларын таратуда. Сол себепті, ғаламторда діни уағыз-насихаттарды таратушы ақпараттық деректерге назар аударған дұрыс», - деп атап өтті Ғ.Аппазов өз баяндамасында.

Кездесу соңында көкей жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0