среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

«Зайырлы қоғам мен конфессияаралық келісім-Тәуелсіздіктің рухани тірегі» атты республикалық ғылыми тәжірибелік конференция өтті

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терриризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Зайырлы қоғам мен конфессияаралық келісім-Тәуелсіздіктің рухани тірегі» атты республикалық ғылыми тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, жоғары оқу орындарының ректорлары, белгілі теологтар мен дінтанушылар, ОҚО дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің «Әдістемелік қамтамасыз ету» бөлім басшысы және ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Ф.Тайтелиев қатысты.

Сонымен қатар облыстық дін істері басқармасының басшыларының директорлары, діни бірлестіктер жетекшілері, Алматы облысының қала, аудан әкімдіктері, басқарма, департамент басшылары, облыстық АТТ жетекшілері мен белсенділері қатысты.

Конференцияны Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы Омар төрағалық етіп жүргізді.

Іс-шараның жұмысындаҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі Айнұр Әбдірәсілқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің деканы, PhD докторы, профессор – Әлия Рмғазықызы Масалимова, Нұр-Мубарак Мысыр ислам мәдениеті университетінің  PhD докторы, профессор – Абдулхалим Дасуқи, Орыс православ шіркеуінің Қаскелеңдік епископы – Геннадий, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының бас сарапшысы – Аманбек Мұхашұлы Мұхашов, «Салауат» Білім беру және мәдениет орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшысы – Руслан Самарханұлы Иржанов баяндамаларын оқыды.

Сарапшылар конструктивті тұжырымның қажеттігі және дінтануды оқыту, жастардың діни сауаттылығын арттыру мен олармен профилактикалық жұмыс жасаудың тәсілі мен тиімділігі, мемлекеттік-діни қатынас саласында қоғамға керек ғылыми зерттеулер жүргізу ұсынысы жөнінде бірауыздан келісімге келді.

Шара аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сурет көрмесі ұйымдастырылып, Алматы облысы дін істері басқармасының тапсырмасымен түсірілген «Ортақ мәселе» атты деректі фильмі көрсетілді.

Конференция жұмысы өзекті мәселелерді талқылауға арналған «Зайырлы мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру: өңірлік тәжірибе және проблемалар» атты секциялық отырыспен жалғасын тапты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0