четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
7oC
1xadv
×

Шымкентте антитеррористік операция жүргізіледі

Бүгін 9 желтоқсанда Шымкентте антитеррористік жаттығулардың жүргізілуіне байланысты қаладағы бірнеше көше жабылады. Бұл туралы ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Атап айтқанда, сағат 12:00-ден 14:00-ге дейінгі аралықта мына көшелерде қозғалыс шектеледі:

Адырбеков – Рысқұлов – Қазыбек би – Рашидов – Жангелдин – Қалдаяқов – Республика даңғылы – Алматы-Ташкент-Термез тас жолы – Ахун-бабаев, Темірлан тас жолы – Желтоқсан – Қонаев даңғылы – Рысқұлов – Адырбеков көшелері.

Оңтүстік Қазақстан облстық Ішкі істер департаменті қала тұрғындарынан қауіпсіздік мақсатында жүргізіліп жатқан осынау іс-шараға түсіністікпен қарауды сұрап отыр.

Естеріңізге салайық, 29 қараша күні де Шымкентте «Шымкент – Антитеррор - 2016» антитеррорлық жедел-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткен болатын. Оқу-жаттығудың мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысының терроризммен күреске бағытталған жедел штабтарының, олардың жедел топтарының және арнайы функционалдық міндеттерді орындайтын арнайы бөлімдерінің үйлесімділігін жетілдіру, тәжірибелік дағдыларын жоғарылату және ең өзекті терроризм актілерінің жолын кесу кезінде жағдайды бағалау болып табылады.

Антитеррорлық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы барысында ескерту жүйесінің элементтері, жинау, жеткізу күштері сынақтан өтеді және терроризм актісі орын алған жерге жедел штаб күштері мен құралдары тексерілді.

Айта кетейік, биыл жаз айларында Ақтөбе мен Алматы қалаларында орын алған лаңкестік оқиғаларынан кейін еліміздің барлық өңірінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Облыс орталықтарында антитеррорлық жаттығулармен қатар жастар арасында түсіндіру жұмыстары да ұйымдастырылып отыр.

Мәселен, ОҚО Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ жыл басынан бері осындай 3 мыңнан астам кездесу өткізген. Олардың басым көпшілігі оқу ордаларында жүргізілді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0