суббота, 28 декабря 2024 г.
icon
515.25
icon
535.91
icon
5.18
Алматы:
icon
-4oC
Астана:
icon
-8oC
×

Шетелдің діни оқу орындарында 300-ден аса қазақстандық оқып жүр

Кешегі Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік оқиғалардан кейін елімізде қауіпсіздік шараларының күшейтілгені белгілі. Үкімет пен құқық қорғау органдары шетелдің діни оқу орындарында оқып жүрген жастарды да тексере бастады. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері бойынша комитет төрағасы Ғалым Шойкиннің айтуынша, шетелде діни білім алып жүрген отандастырымздың саны бүгінде 300 адамға жетеді екен.

Бұл туралы ол «Астана» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда шетелде діни білім алып жүрген жастардың саны 300-ден асады. Отандастарымыздың шетелге шыққанда сол елдегі біздің елшілікпен байланыста болғаны маңызды. Өкінішке қарай, кейбір азаматтарымыз өздігімен шетелге шығып кетіп, елшілікке тіркелмейді. Тіпті, дипломаттармен байланысудан қашып жүреді. Бұл ретте әрине, мемлекет тарапынан оның алып жатқан діни іліміне қатысты күдік туындайды. Тек мемлекет емес, ата-аналары да алаңдауы тиіс. Шетелге діни білім іздеп кеткендердің жартысы тегін оқуға қызыққандар. Кей жағдайларда біздің елдің азаматтары мемлекеттік органдардан жасырын осындай діни оқу орындарында оқып келеді. Ал, мұндай тегін үйретеміз деп жастарды өздеріне тартатын діни оқу орындарын мен қазақстандықтарға ұсынбас едім. Өйткені, тегін ірімшік тек қақпанда ғана болады емес пе?! Егер олар өз қалталарынан шығындалып, айдаладағы біреуді тегін оқытып жатса, онда артында үлкен мақсаттары бар деген сөз. Ертең сол оқуды бітіріп шыққан жастарды өзге мақсатта пайдаланатынына күмәнім жоқ», - дейді Ғалым Шойкин.

Айта кетейік, шетелге діни білім алуға кеткен жастардың біразы Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары. Өңірде бүгінде діни ахуал тұрақты болғанымен дін өкілдері жергілікті тұрғындармен, оның ішінде жастармен жиі кездесулер өткізіп, теріс діни ағымдардың залалы туралы айтуда. Мәселен, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік комуналдық мекемесі жыл басынан бері 3 мыңнан астам кездесу өткізді. Түсіндіру жұмыстары сондай-ақ, жат ағмның жетегінде кеткендермен де жүргізіліп келеді. Бүгінде, ОҚО-да дәстүрлі емес ислам ұстанушыларының саны 3 мың адамнан асады. Бұл әрине, нақты көрсеткіш емес. Олардың саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді аталған орталықтың дін қызметкерлері.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0