четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Елбасы Шымкенттегі «Қазақ еліне мың алғыс!» монументімен танысты

Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратының алдынан бой көтерген «Қазақ еліне мың алғыс!» монументімен танысты, деп хабарлайды NewTimes.kz.

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында шымылдығы түрілген нысанның құрылысы өңірдегі 20 этномәдени бірлестіктің бастамасымен салынған.

Өңірдегі этнос өкілдерінің қаржылай демеуімен бой көтерген монументтің биіктігі 7,5 метрді құрайды. Алдағы уақытта осы нысан елді берекелі бірлікке ұйыстыратын маңызды іс-шаралар өтетін еңселі ғимаратпен бірге оңтүстік жұртшылығының патриоттық алаңшасы ретінде ел игілігіне жұмыс істейтін болады.

Оңтүстіктегі осынау бірлігі жарасқан тірлікке риза болған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы көп ұлтты мемлекетіміздегі этностар татулығы Тәуелсіз Қазақстанның басты байлықтарының бірі екенін атап өтті.

Мұнан соң, Елбасы Н.Назарбаев қайта құрылымдаудан өткен «Қазақстан халқы Ассамблеясының» ғимаратын аралап көрді. Этномәдени бірлестіктердің қызметімен танысып, олар ұсынған «Бірлігіміз жарасқан» музыкалық композициясын тамашалады.

Облыстық бюджет есебінен жөнге келтірілген 3 қабатты нысанда «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері мен өңірдегі этномәдени бірлестіктердің кеңселері, 800 орынға арналған көрермен залы бар. Сонымен бірге, мұнда үрлі үйірмелер мен жексенбілік мектептердің тұрақты әрекет етуіне жағдай жасалған. Алда бұл ғимаратта оңтүстік жұртшылығын берекелі бірлік пен ырысты ынтымаққа үндейтін іс-шаралар мен форумдар, кездесулер, семинарлар, түрлі конкурстар және өзге де басқосулар ұйымдастырылып, мақсатты жұмыс жүргізетін болады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0