среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

Шымкентте балабақша мәселесі шешімін табуда

Биыл 55 мың бүлдіршін мектепке дейінгі мекемелермен қамтылады. Білім саласындағы жоспарлы жұмыстардың жай-күйі қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде кеңінен талқыланды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Жиында қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева ҚР «Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндама жасады. Белгілі болғандай, аталмыш бағдарламаның аясында арнайы іс-шаралар жоспары түзіліп, 2 мақсат және 41 нысаналы индикаторлар белгіленген. Ал 2016 жылдың қорытындысымен белгіленген нысаналы индикаторлық көрсеткіштер толығымен орындалған.

«Өткен жылы қала аумағындағы 386 мектепке дейінгі мекемеде 53 213 бала қамтылған, оның ішінде, 3-6 жастағы балаларды қамту деңгейі 82,8%, яғни 51 005 баланы құрады. 2017 жылға белгіленген меже 87,5%. Оған жету үшін қосымша 4 500 баланы қамту қажет», – деді Жанат Арысбекқызы.

Сондай-ақ, жиын барысында мектептердегі орынның жетіспеушілігі назарға алынып, 2017 жылы үш ауысымда сабақ өткізіп келген мектептердің үлесі азайту жайы талқыланды. Оқушыларды сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын үйірме жұмыстарына қызығушылығын арттыру және білім беру мекемелерін оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелері де жан-жақты сөз етілді.

Қала әкімдігі жуырда іске қосқан электронды журнал жүйесі оқушылар арасындағы қылмыстың азаяуына оң ықпалын тигізгені де атап көрсетілді.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов күн тәртібіндегі мәселелердің өзектілігіне тоқталып, сала мамандарына нақты міндеттер жүктеді. Берілген тапсырмалардың орындалу барысын өз қадағалауына алатынын жеткізді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0