TURKSOY ұйымына мүше елдер фотосуретшілерінің көрмесі Шымкентте өтті
Бүгін Шымкентте «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының аясында TURKSOY ұйымына мүше елдер фотосуретшілерінің көрмесі өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Көрмеге Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейдің Башқұртстан, Татарстан, Қазақстанның Астана, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан кәсіби және халықаралық дәрежедегі он бес фотосуретшінің 100 үздік туындысы қойылды. Фотоөнер шеберлері бұған дейін Түркістан, Кентау қалалары, Отырар, Сайрам, Шардара, Қазығұрт, Төлеби, Созақ, Бәйдібек, Түлкібас аудандарындағы тарихи орындар мен демалыс орындарымен танысып, суретке түсірген болатын.
Шараның ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, фотосуретшілерді марапаттады.
«Міне, бүгін үздік фотоөнер туындыларынан жасақталған көрмеге жиналып отырмыз. Алдағы уақытта осы туындылардың фотоальбомы шығарылып, халыққа кеңінен насихатталатын болады. Жалпы фотоөнер дегеніміз - фотосуретті негізгі ойды білдіру құралы ретінде қолданатын өнердің ерекше түрі. Қоғам шындығын тарихта қалдыратын фотосуретшілер. Сонымен қатар, фотоөнер – журналистиканың ұшқыр саласы. Ол – қасқағым сәттің шежіресі», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Көрменің негізгі мақсаты - Тәуелсіз еліміздің тарихи-мәдени мұраларын, сәулеттік ескерткіштерін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, облысымыздың тарихи орындары мен әсем табиғатын фотосурет арқылы насихаттау болып табылады.
Шара барысында TURKSOY халықаралық ұйымының өкілі Шахноза Бурханидинова сөз сөйлеп, биылғы іс-шаралардың өтуіне ұйытқы болып отырған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне ришалығын білдірді.
«Сіздерге алғасымыз шексіз. Оңтүстік Қазақстан облысы негізі бір, тілегі ортақ, түркі жұртының халықтар арасындағы достық байланыстарын орнатуға, нығайтуға сүбелі үлес қостыңыздар. Сондай-ақ, бүгінгі іс-шараға қатысып отырған фотосуретшілерге шығармашылық табыс тілеймін»,- деді Шахноза Бурханидинова.
Айта кетейік, бұған дейін түркі әлемінің «Наурыз» халықаралық ақындар айтысы, «Бұраң бел» би, «Күлкі жәрмеңкесі» фестивалдері ұйымдастырылған болатын. Аталған іс-шаралар Халықаралық театр фестивалі және XIV-ші ТҮРКСОЙ фотосуретшілерінің кездесуімен жалғасын тапты.
-
«Не могу удержаться от бешбармака»: Светлана Лобода о казахской кухне и казахских мужчинах05.02.2023, 16:01Федор Емельяненко нокаутом проиграл чемпионский бой и завершил карьеру05.02.2023, 11:31«Меккеде қазір ақшадан басқа ештеңе жоқ»: Періштелермен тілдескен Жанат Бақыт не естігенін айтты05.02.2023, 16:30Полиция Астаны прокомментировала массовую драку футболистов из России и Кыргызстана05.02.2023, 01:3218-летняя канадка выиграла в лотерею 36 млн долларов США на День рождения05.02.2023, 11:00В Казахстане стартовало льготное автокредитованиеСегодня, 10:09
-
12:30Автобус ехал по Семею с зажатым в дверях ребенком12:16БДСМ-сообщество устроит бал в Алматы12:02Американская певица пришла на «Грэмми» в платье казахстанского дизайнера11:47761 казахстанец взял автокредит за 18 секунд11:33Новое оборудование вышло из строя на ТЭЦ в Риддере11:19Килограмм волос проглотила 11-летняя алматинка − фото11:05Кызылординец знакомился с девушками и выводил через них деньги10:51Салафит прилюдно обмазал бывшую жену зеленкой и фекалиями10:37Большую часть Казахстана может затопить талыми водами10:23Коронавирус в Казахстане отступает10:09В Казахстане стартовало льготное автокредитование09:55Пенсионерка из Кокшетау лишилась депозита после телефонного звонка09:41Казахстанский тиктокер покоряет мир09:27«Дочка» Миннауки срывала учебный процесс в языковой школе09:13Почем продают доллар в казахстанских обменниках после выходных