Шымкент қаласының өзінде 30 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл туралы облыс әкімдігінің алқа мәжілісінде қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов мәлім етті, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Мәжілісте сөз алған Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тұрғын үй салуға «Шымкент» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы инвесторлар тарту керектігін айтқан болатын.
«Бос пайдаланбай жатқан жерлер көп. Жер иелері көпқабатты тұрғын үй салуы керек, шамасы жетпесе жерді мемлекетке қайтаруы тиіс», - деді қала басшысы.
Жиында мемлекеттік «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының өңірдегі іске асырылу барысын баяндаған Салыхан Сабырұлы облыс аумағында жыл соңына дейін 113 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілетінін айтты. Оның сөзінше биыл 524,5 мың шаршы метрді құрайтын 169 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі.
Айта кетсек, инфрақұрылым нысандарының құрылысы бойынша Республикалық бюджеттен 7,8 млрд. теңге бөлінді. Аталған қаржыға облыста 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Ағымдағы жылы 3 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланса, 11 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі. Жыл қортындысы бойынша 6119 жеке тұрғын үйлерге және 384 көп қабатты тұрғын үйге инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізіледі. Баяндамашылардың есебін тыңдаған облыс әкімі құрылыс саласындағы атқарылып жатқан іс-шараларға көңілі толмайтынын жеткізіп, аталған сала басшыларын сынға алды. Сонымен қатар үй тұрғызғанда оңтүстіктің ауа райы да назардан тыс қалмауын ескертті.
«Тұрғын үй құрылысына жеке инвесторлар тартуды қолға алып, көпқабатты баспаналардың қатарын көбейтуіміз қажет. Қам кесектен жер үй салуды тоқтатып, сейсмикалық талаптарға сай еткен абзал. Сәулет , құрылыс, мемлекеттік сәулет бақылау басқармалары бірлесіп, тұрғын үй құрылысын дамытудың жаңа кешенді бағдарламасын әзірлеуі тиіс. Бұл іске аудан, қала басшылары да атсалысуы керек. Егер дəл қазіргі қалпымен кете берсе, 117 мың гектарды алып жатқан Шымкент үлкен ауылға айналып кетеді. Қаланың сәулетті келбетін қалыпқа келтіру үшін бірлесіп жұмыс атқаруды тапсырамын», - деді Жансейіт Түймебаев.
-
«Не подкинут наркотики в карман»: Релокант из России о Казахстане03.02.2023, 11:20«Если на меня подадут в суд, я уеду»: Иностранные инвесторы о проблемах с бизнесом в Шымкенте03.02.2023, 00:00Многодетная мать, жившая с детьми в кафе, получила квартиру03.02.2023, 09:57Подросток насиловал сверстника — полиция начала расследование03.02.2023, 19:37В Актобе судят устроившего резню директора школы03.02.2023, 01:00Уникальная средневековая башня в Туркестанской области разрушается после реставрации03.02.2023, 03:00
-
07:13Названы лучшие бойцы ММА из Казахстана06:37Нацбанк РК первым в мире выпустил 3D монеты06:00Прогноз погоды в Казахстане на 4 февраля05:05Роналду забил первый гол в Саудовской Аравии03:33Алматинцы пытаются узаконить угнанные автомобили02:37В судах Алматинской области искали бомбы01:20Посещение кафе и ресторанов обходится все дороже - уже плюс 40%00:10Президент, не торгуясь, купил камчу на выставке в Таразе