Бас прокуратура шымкенттік кәсіпкерлерді өз қамқорлығына алуда
Кәсіпкерлерді заңсыз тексерулерден қорғайтын «ақылды» мобильді бағдарлама шымкенттіктердің арасында танымалдылыққа ие болуда, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің Бас прокуратурасы «Qamqor» деген мобильді қосымшаның іске қосылғанын хабарлаған болатын. Бұл жоба кәсіпкерлерді заңсыз тексерулерден қорғауға арналған. Оның тұсауы кесілгеніне көп болмаса да, бүгінде мобильді қосымшаны смартфондарына жүктеп алған бизнесмендердің саны артып келеді.
Бас прокуратураға қарасты Құқықтық статистика және арнайы есеп алу жөніндегі Комитетінің төрағасы Бағдат Мусиннің айтуынша, «Qamqor» кез-келген кәсіпкердің қалтасына салып жүретін көмекшісіне айналмақ.
Мәселен, сіз – кәсіпкерсіз. Өз смартфоныңызға немесе планшетіңізге аталған қосымшаны жүктеп алып, оған тіркелгеннен кейін, қандай да бір тексеру келетін болса сіздің гаджетке алдын ала хабарлама жіберіледі. Содан кейін сол тексеруге сіздің алдын ала дайындалуға уақыт та болады. Ал, егер SMS-хабарламасыз тексеру келетін болса онда сіздің құзырлы органдарға шағымдануға құқыңыз бар.
«Қосымшаны өзіңіздің кез келген гаджетіңізге (ұялы телефон немесе планшет) жүктеп, тіркелесіз және тексеру тағайындалған жағдайда сіздің гаджетіңізге «Сізге тексеру ДАТА келеді» мәтінімен Push-хабарлама келіп түседі. Хабарламаға бассаңыз, толық көрініс ашылады - тексеруші орган, тексерушінің аты-жөні, сондай-ақ тексерудің түрі, мәні және мерзімі. Сізге тексерумен келді делік. Тексеруші 14 таңбалы тіркеу нөмірі бар тексеру тағайындау туралы актіні ұсынуға міндетті. Сіз сол Актінің нөмірін енгізіп, барлық қажетті ақпаратты аласыз (жоғарыда айтылғандай)... және де мысалы, басқа тексеруші келсе, немесе тағайындау актісінде көрсетілген тексеру мерзімі өтіп кетсе, онда тексеру заңсыз болып табылады! Бұл жағдайда, сіз шағымдана аласыз, шағымды комитеттің аумақтық органдары қарайтын болады және жағдай расталған болса, барлық мән-жайды түсіну үшін ұтқыр топ жіберіледі», — деп жазды ол.
Бүгінде осынау мобильді бағдарламаны кәсіпкерлер арасында насихаттау мақсатында елімізде түсіндіру жұмыстары басталып кетті.
-
Беременную с кровотечением госпитализировали только после резонанса07.02.2023, 10:50Ребенок родился под завалами в Сирии07.02.2023, 10:24Французский журнал высмеял землетрясение в Турции07.02.2023, 17:16Казахстанская исполнительница Данэлия Тулешова снова в популярном американском шоу07.02.2023, 19:45Фашистами назвали алматинок, попросивших меню в кафе на казахском языке07.02.2023, 11:59«Спокойным тоном сообщила, что убила»: Пятиклассница напала на сверстницу с ножом07.02.2023, 19:14
-
03:23Дети в школе села Жетыген вынуждены учиться стоя02:30Спецборт с казахстанцами из Турции приземлился в аэропорту Астаны01:33Кто наказан после инцидента с дерганьем волос малышке в детсаду Караганды?00:23Резиденции президента в пяти городах Казахстана передадут для нужд детей