Бүгін Шымкенттен «Достық керуені» Өзбекстан Республикасына жолға шықты, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Бұл іссапар Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің наурыз айында Қазақстанға жасаған ресми сапары кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Өзбекстан Республикасы Интернационалдық мәдени орталығының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында іске асырылып отыр.
Меморандумда қоғамдық-саяси, мәдени-білім беру, ғылыми және ақпараттық салалардағы ынтымақтастық, екі ел халықтарының жақындасуына, халықтық дипломатияның нығаюы мен дамуына ықпал ететін бірлескен жобалар мен іс-шараларды әзірлеу және іске асыру жоспарланған болатын.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимараты алдынан жолға шыққан керуенді шығарып салу рәсімінде облыстық «Қоғамдық келісім» МКК басшысы Ербол Байқонақов, Түркістан қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Бадриддин Нишанкулов сөз сөйлеп, бұл шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына қолдау әрі, екі бауырлас елдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырғанын айтты.
Өзбекстанға бет алған 50 ақсақал 2-6 мамыр аралығында Ташкенттегі Төле би бабамыздың мазаратына зиярат етіп, әрі қарай Самарқандтағы Әмір Темір және Жалаңтөс баһадүрдің, Бұхарадағы Бахауддин Накшбандидің кесенесімен таныспақ.
Сонымен қатар, «Достық керуенінің» мүшелері Өзбекстан Республикасы Интернационалдық мәдени орталығында, Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығында және өзге де тарихи-мәдени орталықтарында болып, сол елдің азаматтарымен кездесулер жоспарлануда.
-
«Не подкинут наркотики в карман»: Релокант из России о Казахстане03.02.2023, 11:20«Если на меня подадут в суд, я уеду»: Иностранные инвесторы о проблемах с бизнесом в Шымкенте03.02.2023, 00:00Многодетная мать, жившая с детьми в кафе, получила квартиру03.02.2023, 09:57Подросток насиловал сверстника — полиция начала расследование03.02.2023, 19:37В Актобе судят устроившего резню директора школы03.02.2023, 01:00Уникальная средневековая башня в Туркестанской области разрушается после реставрации03.02.2023, 03:00
-
09:15Столичный врач озвучил основные причины рака08:54На километровые пробки и частые аварии жалуются алматинцы08:15Новый фильм казахстанского продюсера выходит в прокат07:46Астанчан напугала ученица стоявшая в три часа ночи возле школы07:13Названы лучшие бойцы ММА из Казахстана06:37Нацбанк РК первым в мире выпустил 3D монеты06:00Прогноз погоды в Казахстане на 4 февраля05:05Роналду забил первый гол в Саудовской Аравии03:33Алматинцы пытаются узаконить угнанные автомобили02:37В судах Алматинской области искали бомбы01:20Посещение кафе и ресторанов обходится все дороже - уже плюс 40%00:10Президент, не торгуясь, купил камчу на выставке в Таразе