пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Шымкентте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа балабақша мен емхана салынады

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа балабқша мен емхана бой көтеретін болды. Бұл туралы бүгін ОҚО мәслихатының тұрақты комиссиясы өткізген мәжілісте айтылды. Жиында депутаттар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы мәселені жан-жақты талқылады.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік – бұл мемлекет пен жеке бизнес арасындағы қоғамдық маңызы бар жобаларды тиімді жолмен жүзеге асыру. Әлеуметтік нысандарды жеке кәсіпкерлердің басқаруына беру мақсатында облыс әкімдігі тарапынан былтыр 5 жобаның құжаттары рәсімделіп, биыл сәуірде конкурс та өткен еді. Нәтижесінде 5 жеке әріптес белгілі болды. 

«Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталықта 320 орынды балабақша салу. Жобаның құны – 974 млн теңге. Балақшаны «Атамекен» корпорациясы салады. Бәйдібек ауданындағы Бөген ауыл округіне қарасты Шалдар ауылындағы 140 орынды балабақшаның құрысылын «Қаракөл» ЖШС, ал Шымкент қаласы Қайтпас-1 шағынауданындағы емхананың құрылысын «Турахмет» мекемесі жүргізеді. Құны – 3 млрд. 177 млн. Теңге», ― деді қаржы басқармасы басшысының орынбасары Исмаил Шалабаев.

Айта кететін жайт, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заң 2015 қабылданып, ережесі де бекітілген. Осыған байланысты 4 кодекске өзгертулер де енгізілген болатын. Мысалы, бюджет кодексіне сәйкес жеңімпаз кәсіпкерлермен келісім-шартқа тұру үшін және олардың шығындарын өтеу мақсатында облыс әкімдігі мемлекеттік міндеттеме қабылдауы тиіс. Осы жоба мәжілісте жан-жақты талқыланды.

Тұрақты комиссиялардың мәжілісіне қатысқан ОҚО әкімі бірінші орынбасарының айтуынша, мемлекеттік-жекеменшік әріпстестік негізінде кәсіпкерлер тек балабақша, емхана ғана емес, колледж ғимараттары және каналдардың құрылысын жүргізуге де ниет білдіре алады. 

«Өте тиімді. Бюджеттің қаржысы тиімді пайдаланылады, бизнеске де ұтымды. Депутаттардың қарауына жергілікті мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының тізімі ұсынылды», ― деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0