пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

Ақмолалық делегация шымкенттік кәсіпкерлердің жай-күйімен танысып қайтты

Жуырда Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин бастаған делегация Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы iссапармен болып қайтты.

Осы сапар барысында ОҚО әкiмiнiң орынбасары Жақып Бөкенбаев қонақтарды Шымкент қаласындағы бiрнеше маңызды нысандардың жұмысымен таныстырды. Атап айтқанда, ақмолалық делегация алдымен Кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен «Шымкент» ӘКК-де болып, олардың қызметi жөнiнде кең мағлұмат алды. Айта кетейiк, Кәсiпкерлер мектебi республика бойынша тұңғыш рет Шымкентте ашылған.

Бүгiнге дейiн мұнда 1 112 адам кәсiпкерлiк негiздерi курстарында бiлiмдерiн кеңейткен. Ақмолалық делегацияға «Шымкент» ӘКК-нiң бүгiнгi таңда атқарып жатқан жұмыстары да таныстырылды. Аталған мекеме сауда-логистикалық аймақтардың жұмысын үйлестiрумен бiрге Жасыл энергетика мәселесiмен, «Нұрлы жер», «Смарт Оңтүстiк» бағдарламаларын iске асырумен айналысуда. Сондай-ақ, оның қызметiне инвесторлар тарту, кен орындарын зерттеу мен өндiру iсi кiредi. Өз кезегiнде «Шымкент» ӘКК басқарма төрағасы А.Алдажаров ақмолалық әрiптестерiн азық-түлiк мәселесi бойынша бiрлесiп жұмыс iстеуге шақырды.

Мұнан соң делегация мүшелерi Бәйдiбек би ескерткiшiне барды. «Жайлаукөл» демалыс аймағын аралап, шолу айналмасы арқылы 50 метр биiктiктен қаланың әсем көрiнiсiн тамашалады. Аталған нысан бірер жыл бұрын жергілікті билік өкілдерінің және кәсіпкерлердің қолдауымен ашылғанын айта кету керек.

Содан кейiн қонақтар Шымкенттің іргесінде орналасқан «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағына ат басын бұрып, «Бал Текстиль» кiлем фабрикасының және «Әлем БТ» шұлық тоқитын кәсiпорнының жұмыстарымен танысты.

Iссапар соңында Көкшетау қаласының әкiмi Е.Маржықбаев Ақмола мен Оңтүстiк Қазақстан облыстарының өңiраралық ынтымақтастығына негiз қаланғанын тiлге тиек еттi. Әсiресе, бизнес саласында өзара байланыстар күшеймек. Соның бiр айғағы, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласынан Арқаға ауыл шаруашылығы өнiмдерi жөнелтiлсе, ол жақтан ОҚО орталығына өндiрiске, ауыл шаруашылығына қажеттi тауарлар жеткiзiледi. Ал, жаңадан ашылған «Шымкент–Көкшетау» әуе рейсi мәдени-iскерлiк ынтымақтастықтың кеңеюiне кең серпiн бермек.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0