Шымкентке арнайы іссапармен келген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы Тимур Құлыбаев отандық және шымкенттік кәсіпкерлердің проблемалары жайында пікір алмасты. Оның айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлерді дәл қазір жер мәселесі толғандрады екен. Отандық бизнесмендер өз кәсібін жүргізуде көптеген проблемаларға тап болады дейді ол.
Базбірі құрылыс жүргізу үшін жер мәселесі мен құжаттарды рәсімдеуде қиындық көріп жатса, енді бірі белгіленген салық мөлшерін төлей алмайды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Тимур Құлыбаев шымкенттік кәсіпкерлермен кездесуінде осылай деді. Кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысқан президиум төрағасы құрылыс жүргізу үшін телімдердің түпкі мақсатын өзгертудің өзінде қолбайлау көп екендігін атап өтті.
Тимур Құлыбаев сондай-ақ жергілікті билік тарапынан үлкен қолдаулар керектігіне тоқталды. Атап айтқанда, жергілікті тауар өндірушілердің тізімін жасап, оларды әкімдіктердің көмегі арқылы мемлекеттік сатып алуларға қатыстыру қажет. «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін Аймақтық инвестициялық орталығы арқылы несие беруді одан әрі жалғастырған жөн. Әсіресе, кәсіпкерлік саласы жақсы дамыған өңірде барынша қолғабыс етуіміз қажет», ― деп атап өтті.
«Шымкент қаласы еліміздегі миллионға жуық тұрғыны бар шаһар. Бұл қала кәсіпкерлікті дамыту бойынша басқа өңірлерге қарағанда көш ілгері болуы тиіс. Өйткені мұнда іскер азаматтары көп. Олар тіпті Қазақстанның басқа өңірлерінде де инвестиция салып, кәсібін дөңгелетіп жүр. Егер біз осы Шымкенттің өзінде бизнес жүргізуге жағдай жасасақ, олар алысқа бармай-ақ, осы жерде кәсіп ашар еді», ― деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы.
Ал, жергілікті кәсіпкерлер болса көрші өзбек елінің тауар өндірушілерімен бәсекелес болу оңай еместігін айтады. Себебі, ол жақта салық көлемі төмен, жұмыс күші арзан. Соның есебінен тауарларының бағасы тым төмен сатылады. Олар осы мәселені бір жақты реттеп беруге өтініш білдірді. Сондай-ақ күнгейлік бизнес өкілдерін тарифтердің тым қымбат болуы мен тексеру шараларының көптігі шаршатқан. Отандық кәсіпкерлердің осы сынды мәселелерін тыңдаған Ұлттық экономикалық палатасының президиум төрағасы мен облыс әкімі жиында көтерілген проблемаларды бірлесіп шешуге уағдаласты.
-
«Не могу удержаться от бешбармака»: Светлана Лобода о казахской кухне и казахских мужчинах05.02.2023, 16:01«Меккеде қазір ақшадан басқа ештеңе жоқ»: Періштелермен тілдескен Жанат Бақыт не естігенін айтты05.02.2023, 16:30Федор Емельяненко нокаутом проиграл чемпионский бой и завершил карьеру05.02.2023, 11:31Полиция Астаны прокомментировала массовую драку футболистов из России и Кыргызстана05.02.2023, 01:32В Казахстане стартовало льготное автокредитованиеСегодня, 10:0918-летняя канадка выиграла в лотерею 36 млн долларов США в день рождения05.02.2023, 11:00
-
14:56Осадки и мороз прогнозируются в Казахстане в ближайшие дни14:42Криминальный Казахстан обошел Россию по уровню преступности14:28Фото дня: Маленький талдыкорганец пытался заделать яму на тротуаре14:14Токаев обратил внимание на холод в квартирах экибастузцев14:00Казахстан транспортирует 20 тыс тонн нефти в Германию в этом месяце13:00Музыка халал ма, харам ба? Мөлдір Әуелбекова өзін толғандырып жүрген сұрағын қойды12:45Число погибших после землетрясения в Турции достигло 200 человек12:30Автобус ехал по Семею с зажатым в дверях ребенком12:16БДСМ-сообщество устроит бал в Алматы12:02Американская певица пришла на «Грэмми» в платье казахстанского дизайнера11:47761 казахстанец взял автокредит за 18 секунд11:33Новое оборудование вышло из строя на ТЭЦ в Риддере11:19Килограмм волос проглотила 11-летняя алматинка − фото11:05Кызылординец знакомился с девушками и выводил через них деньги10:51Салафит прилюдно обмазал бывшую жену зеленкой и фекалиями