четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
-0oC
1xadv
×

Шымкент әкімі ҰБТ тапсырушылар мен олардың ата-аналарына барынша жағдай жасауды тапсырды

Ұлттық біріңғай тестілеуді тапсыруға байланысты жағдайды ушықтырмау, мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарына барынша жағдай жасау. Бұл – Шымкент қаласы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтің білім саласына қатысты өткен жиналыста құзырлы сала мамандарына берген тапсырмасы.

Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тажиеваның айтуынша, биыл қалада жалпы орта мектептердегі 11-сыныпты 7431 окушы бітіреді. Шымкентте жалпы саны 129 мектеп бар. Солардан 5059 оқушы ұлттық біріңғай тестілеу тапсырып көруге ниет білдіріп отыр.

«Бізде 254 оқушы алтын белгіге үміткер, ал 173 түлек ерекше улгідегі аттестат алуы мүмкін. Айта кетейік, 2017 оқу жылы жаңа форматпен аяқталады. Нақты айтқанда, барлық түлектер алдымен мектепте емтихан тапсырады. Сосын биыл ЖОО-на оқуга түсуге ниетті окушылар ҰБТ тапсырады. Шымкенттің бас педагогы ұлттық біріңғай тестілеу тапсырылатын әр орында 13-тен 44-ке дейін аудитория әзірленетінін атап өтті. 80 тестілеу пункті ұялы байланысқа кедергі келтіретін құралдармен жабдықталады. Мұнымен қоса, 4G жүйесін бәсеңдететін заманауи 18 құрал сатып алынды. Тестілеу орындары металл-өткізгіштермен, бейнебақылау жүйесі және желдеткіштермен де жабдықталған», ― деп хабарлады ол.

Шымкент әкімі өз кезегінде ҰБТ айналасындағы жағдайды ушықтырмауды тапсырды.

«Олар ― біздің перзенттеріміз. Оларды ҰБТ тапсыра алмаса, өмірлері бүлінеді деп қорқытудың қажеті жоқ. Емтиханның өзі олар үшін күйзеліс, ал біз оларды қолдауымыз тиіс», ― деп атап өтті Ғ.Әбдірахымов. Ал сол емтихан алдында бос үрейлер белең алмас үшін әкім мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына кеңінен түсіндіруді тапсырды. Буған қоса перзенттерін қолдауға келген ата-аналар үшін барынша жағдай жасауды тапсырды.

«Кай жерлерге шатыр тігуді ойластыруымыз керек. Ата-аналар мен мектеп бітірушілерге сусын қою секілді жағдай жасалынуы тиіс», ― деп қосты әкім.

Айта кетейік, ҰБТ биыл 20 маусымнан 1 шілдеге дейінгі аралықта өтеді. Биылғы науқанға Білім және ғылым министрлігі бірқатар өзгерістер енгізгенін де айта кету керек. Яғни, «Қазақ тілі» пәнінің орнына «Оқу сауаттылығы» пәні енгізілді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0