вторник, 23 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
15oC
1xadv
×

Шымкенттік кәсіпкер қыз құртты ұлттық брендке айналдыруды көздейді

Жасыратыны жоқ, қазақстандықтар «Құртафелло» деген өнімнің атауын алғаш естігенде мұны әзіл деп ойлаған. Дегенмен, қарапайым құрттан ұлттық бренд жасауды мақсат еткен шымкенттік жас кәсіпкер қыз туралы естігенде ол шығаратын құрттарға деген сұраныс күрт арта түсті.

Айнаш Медетханқызы кәсіппен жастайынан айналысады. Алғашқыда әпкесінің қымызханасына көмектеседі. Кейін жұмысты өзі жалғастырады. Күн сайын қымыздан айтарлықтай жақсы табыс түседі. Көбіне өзге елдерден келетін туристер киіз үйге жиі бас сұғады екен. Олар қымыз ішіп, құрттың дәмін көріп, таң-тамаша қалады. Риза болғаны соншалық алғысын білдіретіндер көп. Шымкенттен бөлек басқа қалалардан келген қонақтар да қымызхананың тұрақты тұтынушыларына айналады.

Айнаш келушілерге тың нәрсе ұсынуды ойлайды. Интернетті қарап, «Құртафелла» атауын көреді. Жаңа идея Айнашқа ұнайды. Әкесі Медетхан Убайдуллаев қызының талабын құптап, қолдау көрсетеді. Жас кәсіпкердің айтуынша, «Құртафелло» тауар белгісін «Raffaello» шоколадының атауымен шатастыруға болмайды. Өйткені, қораптың дизайнын өзгертіп, Астанадағы авторлық құқық саласының мамандарымен кеңесіп, тіркеуден өткізген.

Десе де, алғашқыда өнімнің жұмысын жолға қою оңай болған жоқ. Өйткені Айнаш ұлттық брендті танымал болу үшін жасамағанын айтады. Алайда дәмді құрт тұтынушылардың көңілінен шығады. Күн сайын қызығушылардың қатары артпаса, кеміген емес. Бүгінде ұлттық бренд 100-600 теңге аралығында сатылып жатыр. Идея авторының арманы көп. Ұлттық тағамды шетелге кеңінен танытқысы келеді. «Құртафелло» тек қымызханада емес, сауда орталықтарының сөрелерінде тұрғанды қалайды.

Айнаш тек «Құртафелломен» шектеліп отырған жоқ. Бүгінде өзінің «Ақсұңқар» жарнама агенттігінің жұмысын дөңгелетіп отыр. Онда балабақшалар мен білім ордаларына және мекемелерге көрнекілік құралдарын жасап, дизайнерлік қызмет көрсетеді. Басында екі компьютермен кішкентай кеңседе жасалған жұмыс әрі қарай ұлғая берді. Жиналған қаржыға үлкен көлемдегі қағаздарды шығаратын аппаратты сатып алады. Енді ғана аяққа тұрып келе жатқанда кеңсеге ұры түсіп, құнды заттары мен дизайн үлгілері қолды болады. Бірақ алдына мақсат қоя білетін іскер қыз мойымады. Жаңа кеңсеге көшіп, 5 қызметкерді жұмысқа алды. Айнаш тіпті Қытайдың Гуйлин қаласында білімін де жетілдіріп қайтты. Тіл үйреніп қана қоймай, ұлттық брендіміз құртты да жарнамалады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0