среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Шымкентте шығатын косметикалық өнімдерге сұраныс артып келеді

Осымен бесінші жыл қатарынан Шымкентте отандық косметикалық өнімдер шығып келеді. «Айсәуле» компаниясының иіссулары мен кремдеріне бүгінде сұраныс айтарлықтай артқан, деп хабарлайды NewTimes.kz. Компания басшысы, әрі идея авторы Айсәуле Мұсаеваның айтуынша, ол шығаратын өнімдер табиғи таза әрі тері қабатына өте пайдалы көрінеді.

Бұған дейін елімізде бірлі-жарым компания болмаса, өзімізде косметика өнімдері өндірілген емес. Идея авторы білім мен ғылым саласында еңбек ете жүріп, Оңтүстіктегі өсімдік пен дәрілік шикізаттарды зерттейді. Жас келген сайын әйелдің бет күтімі – өзекті мәселе. Ал әдемі болу әйелге тән қасиет. Кез келген нәзік жанды жасарудың құпиясын білуден жалықпайды.

«Көптеген әйелге тән косметикаға деген сезімталдық менде де болды. Терім құрғақ болғандықтан, крем жаға бермейтінмін. Осы мәселе қатты толғандыратын еді. Ізденіп жүріп, өсімдіктерден өнім жасап көрдім. Себебі, бет терісіне арналған кремдер мен түрлі ылғалдатқыш қоспалардың адам өмір сүретін климатқа қарай бейімделетінін көпшілік біле бермейді. Ал косметикалық тауар өндіретін шетелдік компаниялардың бұл талапты ескермейтіні мәлім. Бұл теріге жақсы әсер бере қоймайды. Мәселен, Жапония, Қытай, Корея елдері өзге мемлекеттердің өнімдерін пайдаланбайды. Өздерінде косметикалық тауарлар жеткілікті. Біздің Оңтүстікте де емдік шөптер қоры мол. Неге қажетке жаратпасқа деп шештім», – дейді Айсәуле Мұсаева.

Осылайша 2012 жылы «Айсәуле» компаниясы пайда болып, ең алғашқы өнімдерін нарыққа шығара бастады. Ғалымның инновациялық жобасы Үкімет тарапынан қолдауға ие болғанын айта кеткен жөн. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде Үкімет қаулысымен бекітілген мемлекеттік грантты жеңіп алады. Содан отандық «Айсәуле» косметикасын өндіретін өндірістің технологиялық желісі құрылды.

Бүгінде бет, тері күтіміне арналған алуан өнімдер тұтынушыларды қуантып келеді. Өйткені барлық өнімдер термиялық өңдеусіз дайындалғандықтан, бетке қажетті макро және микро элементтер жақсы сақталады. Ал маска және кремдер тері ағартатын, сергітетін, дақтармен күресетін қасиетке ие. Бүгінде Айсәуленің өндірістік технологиялар желісінде 15-ке жуық маска, крем, сусабын мен фито шайлар дайындалады. Сонымен бiрге, шашқа ерекше әр беретiн, қоректендіретін сусабындар да шығарылуда. Шаштың түсуiне қарсы арнайы маска да бар.

Айта кетсек, зертхана заманауи құрылғылармен жабдықталған. Қазір мұнда 5 адам жұмыс істейді. Идея авторының айтуынша, мамандар қыз-келіншектерге қажетті кремдерді дайындауда аянып жатқан жоқ. Қазіргі таңда отандық өнімге сұраныс Шымкенттен ғана емес, республикамыздың түпкір-түпкірінен келіп түседі. Себебі, халық шетелдік косметикадан отандық өнімнің пайдалы екенін түсіне бастады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0