+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
29.05.2017 в 07:02

А.Баталов: Жетісу жері Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын қолдауда

Алматы облыстық орыс орталығының құрылғанына 25 жыл толуына орай аймақта Славян мәдениеті мен жазуының фестивалі өткен болатын, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Фестиваль аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы азаматтарды біріктірудің маңызды факторы» атты «дөңгелек үстел» өтті. Оған төрағалық еткен облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Амандық Баталов сөз сөйлеген еді.

«Өздеріңізге белгілі, әлемдегі экономикалық және саяси жағдай күн сайын өзгеріп келеді. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап өткендей, еліміздің ХХІ ғасырдағы қатаң талаптарын ескере отырып дамуын қамтамасыз ету үшін ең әуелі қоғамдық сананы өзгерту қажет, – деп алқалы жиынның маңыздылығын түсіндіріп өтті. – Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайық қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқ­ты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Туған жер», «100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі географиясы», «Үш тілде білім беру» сынды бағдарламалар – барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп заман талабына сай сұраныстарға кеңінен тоқталды.

«Жетісу жеріндегі орыс орталығының құрамына Алакөл, Қаратал, Көксу, Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Панфилов аудандары мен Текелі, Қапшағай қалаларындағы славян орталықтары кіреді. Олардың жетекшілері «Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» қоғамдық ұйымы Кеңесінің мүшелері. Олардың бәрі де осы жылдар ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдаулары, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі және Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы сияқты аса маңызды бағдарламалардың жүзеге асуына үлес қосып келеді», – деді.

Бұдан соң «дөңгелек үстел» отырысына қатысып отырған құрметті қонақтар – ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері, республикалық «Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» қоғамдық ұйымының төрағасы Владимир Божко, Л. Гумилёв атындағы Евразия Ұлттық университетінің профессоры, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі төрағасының орынбасары, саясаттану ғылымдарының докторы Наталья Калашникова, Астана қаласы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу орталығы – әскери-техникалық мектебінің бас директоры Владимир Шацков, Алматы қаласындағы Ресей ынтымақтастығының өкілі Ирина Переверзева, «Орыс, славян және казактар ұйымдары қауымдастығы» қоғамдық ұйымының Қарағанды филиалының төрағасы Наталья Вшивцева, Қазақстан Республикасының Ресей жерлестері Елдік үйлестіру кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның орыс мәдени орталығы» Рес­публикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Всеволод Лукашов, Ресейдің Барнаул қаласындағы музыкалық аспаптарды даярлау, жөндеу шебері Александр Гнездилов, «Жетісу Казактары» одағының атаманы Владимир Шихотов кезекпен сөз алып, Президент Нұрсұлтан Әбішұлының мақаласында айтылған басымдықтардың тиімділігін талқылады.

Облыстық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшылары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, облыстық «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысқан отырыста алғашқы болып сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері, рес­публикалық «Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» қоғамдық ұйы­мының төрағасы Владимир Божко жергілікті орыстардың басты әрі өзекті мәселесі ретінде жастардың көршілес Ресей еліне оқуға кетіп, тұрақтап қалып жатқанын атап өтті. Соған байланысты жергілікті жоғарғы оқу орындарынан жастарға жарнаманы молынан жасауды сұраған Владимир Карпович құрылғанына 25 жыл толып отырған облыстық орыс орталығына игі тілек арнап, орталық төрағасы Александр Бузыкинді мерейтоймен құттықтады. Одан соң «дөңгелек үстел» отырысына қатысқан құрметті қонақтар Жетісу жеріндегі береке-бірліктің, ынтымақ пен достықтың орнығуына үлес қосып отыр­ған облыстық орыс орталығына жүрекжарды сөз жолдап, төрағаның атына бағалы сыйлықтарын ұсынды. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі көпшілікті түс ауа өтетін Славян мәдениеті мен жазуының фестиваліне шақырды.

Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен Славян мәдениеті мен жазуы фестиваліне арналған «Жетісу шұғыласы» атты мерекелік Гала-концерттің ашылуында сөз алған облыс әкімі Амандық Баталов мерекелік шараға жиналған көпшілікті құттықтап, еліміздегі татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің ұйытқысына айналып отырған ұжымдардың басшыларына облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ, орыс тілінің өркендеуіне үлес қосып, орыс мәдениетінің кеңінен танылуына ықпал етіп жүрген жандарға «Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» қоғамдық ұйымының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын ұйым төрағасы Владимир Божко өз қолымен берді.

Самые интересные новости в нашем Telegram-канале


Редакция

Новости Казахстана

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать и перепечатывать материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. ЗАПРЕТ распространяется на все зарегистрированные СМИ, а также паблики в Instagram. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика