пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
24oC
1xadv
×

Қызылордада бірінші арал халықаралық тұрақты даму форумы өтіп жатыр

Қызылордада бірінші Арал халықаралық тұрақты даму форумы өтуде, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Форумның мақсаты - Арал өңірінің экологиялық және әлеуметтік - экономикалық жағдайы туралы кеңірек ақпараттандыру, өзекті мәселелерге әлемдік қауымдастықтың назарын аудару.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова, Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасының және Орталық Азия елдерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшылары, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің  басшылары, халықаралық ұйым өкілдіктерінің жетекшілері, ғалымдар, сарапшылар және т.б. қатысты.

Форумның ашылуында, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінде  Арал теңізінің мәселесі біздің өңірге ғана емес, бүкіл әлемге қатер төндіретіндігі туралы айтқан мәлімдемесін  келтіре отырып, теңіздің тартылуы салдарынан көтерілген шаң мен улы тұз қазірдің өзінде Еуропа мен Антарктидадан табылып отырғандығын атап өтті.

Форумда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы
Г.Әбдіхалықова алғы сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының Парламенті атынан, сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан мемлекеттерінің делегациялары, Біріккен Ұлтар Ұйымының, Дүниежүзілік Банк және Еуропалық экономикалық коммисияның өкілдері өз құттықтауларын жолдады.

Аралдың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселерін талқылаумен қатар, форум барысында индустриалды экология, ғаламдық климаттық өзгерістер, кешенді су тақырыбы мен аталған өзекті мәселелерді шешудің әлемдік тәжірибесі талқыланды.

Форум аясында деректі және ғылыми танымдық фильмдер көрсетіліп, Арал өңірі мен Арал туралы авторлық көркем туындылар  мен ғылыми монографиялар таныстырылды.

Сондай-ақ, Арал бассейнінің проблемасы мен Арал өңірінің мәселелеріне елеулі үлес қосқан ұйымдар мен тұлғалардың еңбектері атап өтіліп, марапаттар жасалды.

Форум барысында, ынтымақтастық туралы бірқатар хаттамаларға қол қойылды:

- «Арал теңізінің шығыс жағалауынан «Жасыл белдеу» құру жобасы;

- «Жабайы жануарларды климаттың өзгеруіне жерсіндірудің Арал өңірі орталығын құру» жобасы;

- «Қамыстыбас» көлінің жағалауында «Арал» ғылыми – туристік орталық» құру;

- «Қызылорда облысының Атласын дайындау және ГИС технологиясының негізінде Арал өңірінің интерактивті электронды картасын» әзірлеу және өзге де жобалар бойынша.

Шараның қорытындысы бойынша қатысушылар форумның қарарын қабылдап, Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылған күні 26 наурыз - «Арал теңізінің күні» ретінде жариялау жөніндегі  ХАҚҚ-ның Қазақстандағы Атқарушы Дирекциясының бастамасын қолдады.

Алдағы уақытта, форум Қызылорда қаласында Арал өңірі Мемлекеттері Басшыларының саммитін дайындауға ниетті.

Екінші күні, форумға қатысушылар Арал теңізінің қазақстандық бөлігін тікұшақпен аралады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0