Қызылордада «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық форум болып өтті
30-31 мамырда Кызылордада саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық форум болып өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Форумға ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова, КХА Төрағасының орынбасары Д. Мыңбай, облыс әкімі Қ. Көшербаев, сонымен қатар бірқатар зиялы қауым өкілдері мен Оңтүстік Корея, Түркия елдерінен және республика өңірлерінен келген ғалымдар мен форум делегаттары қатысты.
Жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыруға, ұлттық бірлікті нығайтуға, тарихи жадыны жаңғыртып, келер ұрпаққа мирас етуге, сондай-ақ, осы мақсаттағы азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы ықпалдастықты арттыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
Биылғы форум жұмысы облыстағы 15 мекеме мен білім беру ұйымдарында өткізілген бейбітшілік сабақтарынан бастау алды.
Форум аясында «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Сонымен бірге, Форум делегаттары ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған, қайта жаңартылған Мемориалдық ескерткіш жанында өткен «Азалы тарихқа тағзым» атты митинке қатысты.
-
Повзрослевшая Данэлия Тулешова получила множество хейта в свой адрес08.02.2023, 15:10Что говорят астанчане об известном доме с «привидениями»08.02.2023, 11:20Нейросеть назвала причины землетрясений в Турции08.02.2023, 10:10Сирия осталась одна? Голод, разруха, а теперь и землетрясение08.02.2023, 13:00Водитель автобуса смотрел порно за рулем в Астане – видео08.02.2023, 14:28Казахстанку нашли живой под завалами в Турции08.02.2023, 19:35
- Смотреть все