суббота, 28 декабря 2024 г.
icon
515.25
icon
535.91
icon
5.18
Алматы:
icon
-4oC
Астана:
icon
-8oC
×

Қызылордада Қазақстан полициясының 25 жылдығы аталып өтілді

21 маусым күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.  Тәртіп сақшыларына «Toyota Corolla» маркалы су жаңа 69 автокөліктің кілттерін табыс етті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Сондай-ақ, облыс орталығының аумағына еуропалық стандарт үлгісіндегі стационарлы полиция бекеттері енгізілуде. Бүгін алғашқы полиция бекеті ашылды. Алдағы уақытта қала бойынша осындай 14 нысан салынатын болады. Аталған бекеттерде полиция қызметкерлерінің жұмысы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Заманауи жабдықтармен, компьютермен, сондай-ақ ІІМ-нің арнайы базасымен жасақталған.

Сонымен қатар, А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойына арналған  салтанатты шара өтті.  ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті қызметкерлерін құттықтау жеделхаты оқылды.

«Елбасы Н.Ә. Назарбаев айрықша атап өткендей, мемлекетіміздің тыныштығы мен халқымыздың бейбіт өмірі, амандығы - бәрінен қымбат. Сіздердің қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңіздің арқасында жыл басынан бері облыс бойынша тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 11 пайызға азайды.Облыста ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі 80 пайызды құрап отыр. Жалпы, өңіріміздегі қылмыстылық ахуалы жыл сайын жақсарып келеді деуге толықтай негіз бар», — деді облыс әкімі.

Салтанатты шара барысында  құқық қорғау органдарының бірқатар қызметкерлері  үкіметтік және өңірлік марапаттарға ие болды. Мерекелік іс-шара концертпен аяқталды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0