среда, 25 декабря 2024 г.
icon
515.89
icon
536.32
icon
5.17
Алматы:
icon
-7oC
Астана:
icon
-12oC
×

Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары» атты көрме-байқау өтті

22 маусым күні Қызылорда қаласында «Қазақстанның үздік тауары» атты өңірлік көрме-байқау болып өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тауар өндірушілер көрмесімен танысты және отандық өнімдерді қолдау үшін бұл байқаудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

«Қазіргі таңда өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына зор үлесін қосып отырған 5 мыңға жуық шағын және орта бизнес кәсіпорындары және 35 мыңнан астам жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Аталған секторда 100 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған – бұл облыстағы экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі», — деді аймақ басшысы.

2017 жылы байқауға 22 тауар өндіруші қатысты. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымы бойынша 1-орынды «ЭлектроТехнология» ЖШС иеленсе, 2-орын «Полимер Продукт» ЖШС-не бұйырды. Ал, үшінші орынды «МИР 2001» ЖШС жеңіп алды.

«Халыққа арналған үздік тауар» аталымы  бойынша 1-орынды «ДАЛАТЕКС» ЖШС, 2-орынды «Қызылорда зағиптар  қоғамы» оқу-өндірістік коперативі» ЖШС, 3-орынды «ПромКоммерцКА» ЖШС иемденді.  Сонымен қатар, «Үздік азық-түлік тауар» номинациясы бойынша 1-орын «Арал тұз» АҚ-на, 2-орын «Арал» сервистік дайындау орталығы» ЖШС-не,3-орын ЖК «Ермаханов»- қа бұйырды.

Байқау жеңімпаздары «Экспо-2017» халықаралық көрмесі аясында Астана қаласында өтетін республикалық көрме-байқауға жолдама алды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0