воскресенье, 22 декабря 2024 г.
icon
523.86
icon
544.34
icon
5.11
Алматы:
icon
-5oC
Астана:
icon
-10oC
×

Алматы облысының өнімдері Елордада

Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі өтіп жатқан Астана қаласында өңірлік тауар өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Бұл жолы Елорда тұрғындары мен қонақтарына Алматы мен Ақтөбе облыстарының шаруалары бау-бақ пен бақшалық өнімдерін жеткізді. Жетісу аймағының үш қаласы мен он алты аудан орталығынан келген шаруалар 1 млрд. теңгенің 2800 тонна өнімін ұсынды. Жәрмеңкеде 250 ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер  көкөністер мен жеміс-жидек, бақша дақылдарын саудалады.

Алматы облысының өнімдеріне тұтынушылар тарапынан сұраныс жоғары болды. Астаналықтар,  келісі 180-нен 210 теңге аралығында пұлданған биылғы картоптарды көптеп сатып алды. Сондай-ақ, құлпынай, шие, балық және сүт өнімдері де жақсы өткен. Облыс әкімдігі өкілдерінің айтуынша, сауда көрігін қыздырушылардың арасында жаппай сатып алушылар да бар.

«ЭКСПО – 2017 көрмесі кезінде біз Астанаға 19 мың тонна өнім жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бізге күн сайын 7 мың тонна өнім жеткізетін дистрибьюторлық компаниялар бар. Ал жылжымалы жәрмеңкелерде шаруалар 12 мың тонна өнім әкеледі. Мұндай шаралар облыс кәсіпкерлері үшін аса тиімді. Ыстық ауа райына қарамастан өндірушілер Елорда жәрмеңкесінен қалмауға тырысып бағуда. Бізде рефрижератор фуралар бар, барлық өнімдер сонда сақталады. Маусым барысында біз жәрмеңкеге үш рет қатысып, көкөністер мен жеміс-жидектер, бақша дақылдарын саудалаймыз деген ниеттеміз, – дейді облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0