воскресенье, 22 декабря 2024 г.
icon
523.86
icon
544.34
icon
5.11
Алматы:
icon
-13oC
Астана:
icon
-11oC
×

Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы талқыланды

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен  Маңғыстау экономикалық кеңесінің отырысы өтіп, онда агроөнеркәсіптік  кешеннің даму келешегі қаралды, передает ИА «NewTimes.kz».

Ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы туралы облыс әкімінің орынбасары, МЭК жұмыс тобының төрағасы Рақымбек Әміржанов баяндады.

«2017 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,2 млрд. тенге сомасына өндіріліп, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі-105,9% құрап отыр. Ірі қара мал – 21,1% (19,9 мың басқа),қой мен ешкі –  4,7% (526,5 мың басқа),  жылқы – 10,2% (84,6 мың басқа), түйе – 7,9% (63,2 мың басқа) өскені байқалады», — деп айтты Рақымбек Әміржанов.

Отырысқа қатысушылардың және МЭК мүшелерінің назарына 9 жоба ұсынылды. Атап айтқанда, бекіре тұқымдас балықтарды өсіру, құс фабрикасы, көкөніс сақтау кешендерінің құрылысы, ауыл шаруашылығы қажетіне әлсіз минералданған  жер асты суларының қорын барлау және қайта бағалау бойынша жобалар, «Ешкі фермасы» ауыл шаруашылығы кәсіпорнын құру, жылыжай кешенін салу бойынша бірнеше жобалар және қымыз бен шұбат өндіру цехының құрылысы секілді жобалардың таныстырылымы болды.

Таныстырылым барысында кәсіпкерлер жобаларды іске асыру кезінде туындаған мәселелерін алға тартты.  Ол негізінен инфрақұрылым, яғни су, газ, электр қуаты, сондай-ақ субсидиялау мәселелері болды. Жобаларды талқылау барысында аймақ басшысы Ералы Тоғжанов облыс әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашевке 3 күннің ішінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мәселелері бойынша кеңес өткізу, сондай-ақ  облыс әкімінің орынбасары Рақымбек Әміржановқа барлық туындаған мәселелер бойынша қызметтік тексеру жүргізіп, мәселені шешу туралы нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар облыстың қалалары мен аудандарының  ауыл шаруашылығын дамыту бағытында резервтік талдау жасау тапсырылды.

«Агроөнеркәсіптік кешен – бұл қазіргі уақыттағы өзекті мәселелердің бірі.  Ауыл шаруашылығын дамытуға аса зор мән беріліп, еліміздің барлық деңгейінде қолдау көрсетіліп келеді. Маңғыстау өңірі үшін азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі көкейкесті болып тұр. Агроөнеркәсіптік кешеннің өнімдеріне қажеттілік бар. Ауыл шаруашылығын және аймақтағы АӨК  дамыту әбден дәлелденген. Біз инвесторлар іздейміз, ал жергілікті кәсіпкерлердің әлеуетті мүмкіндіктері мол. Біз сіздердің әрбір ұсыныстарыңызды қарауға және жобаларыңызды іске асыруға қолдауға көрсетуге дайынбыз», — деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Кездесу барысында бизнес өкілдері келелі мәселелер көтеріп, аймақтың ауыл шаруашылығын дамыту бойынша нақты ұсыныстар берді

Мәжіліс қорытындысы бойынша облыс әкімі Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдар басшыларына, қалалар мен аудандар әкімдеріне ұсынылған және олардың аумағында іске асырылып жатқан жобаларды жеке бақылауына алуды және аталмыш жобалардың сәтті іске қосылуына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0