четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

Маңғыстаулық медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Ақтауда медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті, передает NewTimes.kz.

Шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы Б.Жүсіпов, мемлекеттік органдар басшылары, медицина қызметкерлері мен ардагерлер қатысты.

​Мерекеге жиналған барша ақ халатты абзал жандарды облыс әкімі Ералы Тоғжанов құттықтап, марапаттарды табыс етті. Маңғыстау облысы медицина саласының бірқатар қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы», ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Маңғыстау облысы әкімінің «Алғыс хаттарымен марапатталды.

Өз саналы ғұмырын арда жолға арнап, өңіріміздегі медицина саласының дамуына азаматтық үлесін қосқан ардагер дәрігерлерге «Гиппократ», «Авиценна», «Пирогов» төсбелгілері табыс етілді. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының марапаттары да ұсынылды.

Қазіргі таңда 500-ден 900 граммга дейінгі аса аз салмақта, әлсіз боп дүниеге келетін сәбилер көп. Солардың бірі – 2013 жылдың қазан айында өмірге келген қос нәресте – шала туылған 700 граммдық екі қыз бала. Облыстық перинаталдық орталық пен Жаңаөзен қалалық емханасының мамандарының сапалы медициналық көмегімен балалар аман қалды. Сондай-ақ облыстық балалар ауруханасының нейрохирургы басына жарақат алған 1 жастағы баланың миына 5 сағаттық ота жасап, сәбиге екінші өмір сыйлады. Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасы сәбилер мен дәрігерлерге сыйлықтарын табыс етті.

«Егемендік алған кезеңдерде Маңғыстау облысында 140 денсаулық сақтау нысаны,112 мемлекеттік, 28 жекеменшік нысандары іске қосылды. Соңғы 15 жылда маңғыстаулықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 10 жылға артты, жас шамасы 73,5 дейін ұзарды. Күн сайын мыңдаған маңғыстаулықтар дәрігерлерге жүгініп, бір мыңға жуық пациент стационарларда емделеді. Күнделікті 60-тан астам әйел «ана» атанады. Елімізде облыстағы туу көрсеткіші ең жоғары, табиғи өсім 1,5 есеге артқан. Хирургтер тәулігіне 50-ден астам науқасқа ота жасаса, күн сайын 200-ден астам жедел-жәрдем қызметі көрсетіледі. Мұны 1500 астам дәрігер мен 5 мыңнан орта буын медицина қызметкерлері жұмысының нәтижесі деп білеміз. Осы көрсеткіштердің артында денсаулық сақтау ісінің шебер мамандары – сіздердің ерен еңбектеріңіз бен мыңдаған адам өмірінің арашасы болған үлкен жауапкершілік тұр», — деді құттықтау сөзінде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

​Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0