среда, 8 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
19oC
1xadv
×

Маңғыстаудағы теміржол вокзалында қауіпсіздік күшейді

Жергілікті вокзалда жүктерді рентгеннен, адамдарды сканнерден өткізетін арнайы қондырғылар қойылды. Бұл Республика бойынша барлық аумақтарда қолға алынған қауіпсіздік шаралары. Сондықтан, сапарға шығушылар кем дегенде жарты сағат ертек келуі тиіс.

Енді теміржол вокзалы кіргенде келесі талаптарды орындауға міндеттісіз. Ауыр жүгіңіз болса, арнайы құрылғыға саласыз. Ол сіздің затыңызды рентгеннен өткізеді. Ал ұсақ-түйік заттарыңызбен жеңіл сөмкелеріңіз болса арнайы тексеруге қоясыз. Содан кейін бұл қырылғыдан өтесіз. Ол қалтадағы барлық темір-терсекті анықтайды. Содан кейін ғана өзіңіздің шаруаңызға кірісесіз.

Жаңа ереже маусымның 1-нен бастап күшіне енді. Жолаушылар мен қызметкерлер арнайы тексеруден өтеді. Оларға әр пунктте 5 маман қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек вокзалда 20 бейнебақылау камерасы орнатылған.

«Біз тұрғындарға айтарымыз, жол жүргіңіз кететін уақытынан ертерек келсе, өздерінің қауіпсіздігі үшін осы қондырғылардан тексерулуден өтуін сұраймыз. Осы тамыз айында вокзалдың жан-жағын қоршау жоспарда бар», — деді ҚТЖ АҚ МОФ Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің өндіріс жөніндегі директорының орынбасары Аслан Назаров.

Енді вокзалға тек бір жерден кіріп-шығуға болады. Бұл күніне 3000 жолаушыны қабылдайтын вокзал үшін салмақ. Енді ұзын-сонар кезек көбейеді. Ауыр жүкті бақылайтын қондырғы алдағы екі аптада іске қосылады. Тұрғындар бұл өзгерісті қуанышпен қарсы алды.

Айта кетсек, маусымның 2-сінен бастап ЭКСПО-ға баратын арнайы «Тальго» пойызы жүреді. Белгіленген кесте бойынша тұрғындарды Елордаға апарады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0