пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
9oC
1xadv
×

Ақтаулықтар «Нұрлы жер» бойынша пәтер алуда

Ақтаулықтарға пәтер алудың тағы бір мүмкіндігі ашылды. «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында төмен пайызбен үй алуға болады.

Бүгін бағдарламаның игілігін көрген тұрғын Қазақстан ипотекалық компаниясымен келісім шартқа тұрып, пәтер иесі атанды.

Бағдарламаның игілігін көрген алғашқы тұрғын - Әскербек Әбеуов. Ол отбасымен 2010-жылдан бері Ақтауда тұрады. Жұмыс бабымен Алматыдан көшіп келген жігіт, осы уақытқа дейін пәтер жалдады. Әскербек мемлекеттік бағдарлама туралы естіп, пайыздық мөлшерлемесі төмендетілген ипотека алуға өтініш берген.

«Пәтерімнің кілтін алып, қуанып тұрмын. Отбасымызбен осы сәтті көп күттік. Мемлекеттік бағдарламаға ризамын. Соның көмегімен маған және жанұяма көп күш түспейтін болды», — дейді Ақтау қаласының тұрғыны.

Бағдарламаның тиімділігі сол - халық үшін ипотекалық қарыздар әлдеқайда қолжетімді. Себебі, екінші деңгейлі қаржы ұйымынан алған қарыздың бір бөлігін мемлекет субсидиялайды.

Бағдарламаның шартына сай, ипотекалық несие 15 жылға дейін беріледі. Ал, субсидиялау мерзімі 10 жыл. Аталған қаржы ұйымында бағдарлама бойынша ипотека алуға ниеттілердің саны артқан. Қазірдің өзінде тағы 3 тұрғынның өтініші қаралып жатыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0