суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
19oC
Астана:
icon
20oC
1xadv
×

«Қызылорда-Бесарық-Түркістан» пойызы сапарға аттанды

2017 жылдың 1 шілдесінде Қызылорда станциясында «Кызылорда-Бесарык-Түркістан» пойызының сапарға аттауына байланысты салтанатты шара өткізілді. Оған ұлттық тасымалдаушы компанияның, облыс әкімдігінің өкілдері және еңбек ардагерлері қатысты, деп хабарлайды NewTimes.kz.

«Бұл әлеуметтік маңызы бар бағыт болып табылады. Сол себепті облыс әкімдігі мен біздің компания арасында ұзақ мерзімдік қаржыландыру жөнінде 10 жылдық келісімге қол қойылды. Облыс басшылығымен тығыз байланысты одан әрі жалғастырып, таяу болашақта Сексеуіл-Қызылорда пойызын шығару жөнінде келісімге келеміз деп үміттенеміз,-деді «Қала маңы тасымалы» АҚ басшысы Мұхтарбек Сүлейменов.

Қала маңы пойызы бейсенбі мен сәрсенбіден басқа күндері аптасына бес рет қатынайтын болады. Вагондар қазіргі заман талабына сай ауа баптағыш құрылғымен жабдықталған. Жол жүру құны - 814 тенге. Егер купе 1842 тенге, ал плацкарт 1219 тенге тұратын басқа жолаушылар пойызымен салыстырсақ билет бағасының әлдеқайда арзан екенін байқаймыз.

Қызылорда облысының тұрғындарына қолайлы болу үшін пойыз екі бағытта да жолдағы барлық бекеттер мен разьездерге аялдайды. Аялдау нүктелерінің жалпы саны - 25, сол себепті жолда жүру уақыты 5 сағатты құрайды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0