пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

«Көгеріс» ауылдың көсегесін көгертуде

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында ауылдық аумақтарды дамытуға да жете мән берілген. Әсіресе әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жақсы, тірек ауылдардағы атқарылатын істер жан-жақты баяндалған. Батыс Қазақстан облысындағы сондай ауылдардың бірі болып саналатын Сырым ауданына қарасты Бұлдырты ауылдық округі бұл бағыттағы кейбір шараларды инвесторлардың көмегімен жүзеге асыруда, передает NewTImes.kz.

«Бағдарлама шеңберінде тірек ауылдық елді мекеннің экономикалық қызметін дамытуға назар аударылған. Яғни ауылдық округіміз ауыл шаруашылығы бағытында болғандықтан біз осы саланы жетілдіру арқылы округтегі мәселелерді шешіп, ауыл халқының табысын арттыру бағытында жұмыстанудамыз. Округта 119 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, соның жартысынан көбі аграрлы салада еңбек етуде. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды салу, жөндеу, тұрғын үй, әлеуметтік нысандар тұрғызу, абаттандыру бойынша іс-шаралар жоспарға сай жүзеге асуда. Оған шаруашылық субъектілері де өз үлестерін қосуда», — дейді  Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Ерлан Мақашев.

Сондай шаруашылықтың бірі - «Көгеріс» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі (АӨК). Батыс Қазақстан облысында алғаш құрылған АӨК-тің бірі болып табылатын «Көгеріс» коммуналдық инфрақұрылымдардың жөнделуіне көмегін беріп келеді. Нақтылап айтсақ, «Ақ бұлақ» бағдарламасы арқылы салынған су нысаны істен шығып, ауыл тұрғындары қиналып жүргенде, осы кооператив оны өз қаржысына жөндеп берді. Көктемгі сулардың далаға ағып кетпеуі үшін былтыр ауыл сыртынан бөгет қазды. Биыл тағы біреуін қазуды жоспарлап отыр.

Көгеріс мектебі директорының міндетін атқарушы Ізбасар Амангелдиннің айтуынша, кеңес заманында салынған мұндағы клуб ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдары өртеніп кеткен. Содан бері бұл ауылдағы түрлі шара атаулысы мектепте өтіп жүр. Ондай іс-шаралар оқу процесіне кедергі келтіретіні анық. Сол себепті мәдениет үйін салу ауылдағы нөмір бірінші мәселеге айналғанына да біраз болды. Ол ауыл, аудан басшыларының есеп беру жиындарында, өзге де алқалы басқосуда көтерілгенімен, өз шешімін таппай келе жатты. Жуық арада шешілетініне көпшілік сенімсіздік танытқаны да рас. Сөйтіп жүргенде ауыл тұрғындарының аспаннан іздегені жерден табылды. «Көгеріс» былтыр осы істі қолға алды.

«Ауылымыздан біраз өнер адамдары шықты. Олардың ішінде Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрінің директоры, «Мәдениет саласының үздігі» Нұрғиса Дәуешев, журналист Құбаш Меңдіғалиев бар. Қазіргі жастарымыз да өнерден құралақан емес. Мәселен, ауылымыздан  көңілді тапқыштар клубы құрылып, олар аудандық, облыстық сайыстарға қатысып, жақсы өнер көрсетіп жүр. Бірақ олардың дайындалуына орын жоқ. Сол себепті КТК-ның жастары да мектепті жағалайды. Міне, осының бәрін бұрыннан білеміз ғой. Алайда ол кездері көмектесуге мүмкіндігіміз болмады. Мемлекет басшысының, Үкіметтің ауылды дамыту мақсатында түрлі мемлекеттік, салалық бағдарламаларды қолға алғанына ризамыз. Соның нәтижесінде тұрғындардың ауызбірлігі нығайып, мемлекет тарапынан берілетін демеуқаржыға және өзге де қаржы көздерін тауып, ауылымыздағы өзекті мәселелерді шешудеміз», — дейді кооператив төрағасы Боранбай Сарбөпеев.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0