четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Қызылорда облысында 54 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында урбанизация үдерісі құрылыс секторын дамыту қажеттігін алға тартып отырғанын және құрылыс саласы отандық экономиканың толыққанды драйверіне айналуға тиіс екендігін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы Сыр елінде тиянақты орындалып жатыр, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының хабарлауынша, ағымдағы жылы барлық қаржыландыру көздерінен (Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджеттен) 23,1 млрд.теңге қаржы бөлінді.               Жалпы Қызылорда облысында 54 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде (оның ішінде 2016 жылдан өтпелі нысан – 23, құрылысы жаңадан басталғаны - 31). Жыл соңына  дейін барлығы 26 әлеуметтік нысанды (білім саласы: 15 мектеп, 2 балабақша; денсаулық сақтау саласы – 3 нысан, мәдениет саласы 1 клуб, 1 спорт нысаны, «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша 1 нысан, қоғамдық тәртіпті сақтау - 1 нысан) пайдалануға беру жоспарланып, қалған  28 нысан 2018 жылға өтпелі болып отыр.

Биылғы жылдың 6 айының қорытындысымен 9 нысан пайдалануға берілсе, тамыз айында 10 нысан, қазан айында 5 нысан,  желтоқсан айында 2 нысанның толықтай құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

Анықтама ретінде: Пайдалануға берілген 9 нысанның 1-еуі спорт саласы бойынша (Орталық стадионның қосалқы алаңын қайта жаңғырту ), 8 - білім беру саласының нысандары (530 орынды құрайтын  6 мектеп пен 180 орынға арналған 2 балабақша).

Барлық нысандардың  құрылысы бекітілген жобаға сәйкес жүргізілуде, мерзімінде пайдалануға берілетін болады. Мәселе басқарманың тұрақты бақылауына алынған.

Осылайша, Елбасының «жол, тұрғын үй және басқа да инфрақұрылым құрылысына инвестиция сала отырып, біз қалаларымыздың ұзақ жылдарға дейін сыртқы және технологиялық келбетін айқындайтынымызды ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан құрылысқа да, құрылыс материалдарын өндіру саласына да жаңа технологияларды енгізу керек. Ол үшін бізде қазір жақсы мүмкіндіктер бар» - деген сөзі аймақта шындыққа айналуда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0