суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Маңғыстау облысының балабақшаларында электр энергиясын қолдану көлемі азайған

Облыс әкімдігінің ғимаратында «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша облыс әкімі Ералы Тоғжанов Дүниежүзілік банк және «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Осы жылдың наурыз-мамыр айларында жобаның 1-ші кезеңі Ақтау қаласындағы №31 «Еркемай», №53 бөбекжай және №54 «Айналайын» балабақшаларында жүргізілді. Аталған жоба арқылы электр энергиясын пайдалану көлемі 40 %-ға азайды. Мысалы, №31 «Еркемай» бөбекжайында жұмсалатын электр қуатының көлемі 4500 КВт-тан 2130 КВт-қа азайса, №54 «Айналайын» балабақшасында 6620 КВт-тан 5100 КВт-қа азайды.Алдағы уақытта осы жобаны 24 мектеп пен балабақшаларда енгізу жоспарлануда.

«Баршаға мәлім, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасында грант туралы келісімге қол қойылды. Грант қаражаты швейцариялық даму және ынтымақтастық агенттігімен Дүниежүзілік банк әкімшілік жасайтын Сенімгерлік қор арқылы берілді», — деді Ералы Тоғжанов.

Жиналыстан кейін облыс әкімі мен Швейцариялық конфедерация өкілдері №53 бөбекжайды аралады.

«Аталған жобаның артықшылықтары қатарына бізге жылу радиаторларының толығымен ауыстырылуы, жарықдиодты энергия үнемдеуіш шамдар мен автоматтандырылған жылу пунктінің қондырылуы кіреді. Біз жасаған талдаудың нәтижелері бізді өте қуантты. Мысалы, өткен жылдың мамыр айында электр энергиясына 55 пен 70 мың аралығында төлеген болсақ, ағымдағы жылдың мамыр айында 35 мың теңге төледік», — деді Сәуле Әлібекова, № 53 санаториялық-туберкулездік бөбекжайдың директоры.

Айта кетейік, энергия тиімділігін арттыру жобасы Қазақстан бойынша бірінші болып Маңғыстау облысында бастау алды, сондай-ақ алдағы уақытта аталған жобаны республикамыздың өзге де облыстарында енгізу жоспарлануда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0