суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
23oC
1xadv
×

Машбек ауылында қазақ күресінен ел чемпионаты басталады

24 тамыз күні Жаңақорған ауданы Машбек ауылында «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 23 жасқа дейін жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты, шағын-футболдан және волейболдан облыстық ашық турнирлер басталады.

Ел чемпионатына Астана, Алматы қалалары мен облыстардан 16 команда, 200-ге жуық спортшылар 8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.

25 тамыз күні қазақ күресінен «Түйе палуандар» арасында халықаралық турнир өтеді. Оған Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан палуандар бақ сынасады. Сондай-ақ, жастар арасында да «Түйе палуандар» сайысы ұйымдастырылады.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль, грамота, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

24 тамыз сағат 10.00-де Қазақстан чемпионаты басталса, сағат 13.00-де  салтанатты ашылуы өтеді. 25 тамыз сағат 10.00-де қазақ күресінен халықаралық турнир басталады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0