пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
24oC
1xadv
×

Қызылорда қала күнін 22-30 қыркүйек аралығында атап өтпекші

Биылғы жылы қала күні 22-30 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарлануда. Жоспарға сәйкес қала күніне орай Қызылорда қаласының туын көтеру рәсімі және «Чемпионмен жаттығу» атты спорттық-мәдени шарасы, «Қызылорда қаласы Туған күн кубогі» үшін «Көңілді тапқырлар алаңы», «Шабыт алаңы» атты ақындар фестивалін ұйымдастырып, қорытындысымен елге танылмай және танылып жүрген ақындардың жаңа өлеңдер жинағынын жасақтап, кітап шығару.

Сондай-ақ, «Қызылорда менің жастық шағым» атты ашық аспан астындағы кездесу кеші және «Кітап бульвары» атты кітаптар жәрмеңкесі, Сыр-Ана монументінде «ЭТНОАРТФЕСТ» ұлттық фестивалі, «Аспаздар шайқасы» атты аспазшылар, дәстүрлі ІІІ Қымыз, шұбат және Қауын – қарбыз фестивалдері, қала аумағындағы жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының дәстүрлі «Өнер фестивалі» мәдени шарасы өтетін болады.

«Сүйікті қалам Қызылорда» атты фото - суретшілердің байқауы; Қала әкімінің «Мереке» вокалды - аспапты ансамблінің концерті және Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала концерт, отшашу ұйымдастырылатын болады.

2018 жылы Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аталып өтеді деп күтілуде.

Қазіргі таңда мерейтойдың тұжырымдамасы әзірленіп, кең көлемді, түрлі форматтағы шараларды қамту жоспарлануда.

2017 жылғы 21 тамыз бен 21 қыркүйек аралығында Қызылорда қаласының 200 жылдық төлтаңбасын (эмблема) әзірлеуге арналған ашық байқау басталады.

Байқаудың ережесіне сәйкес Қызылорда қаласының 200 жылдық төлтаңбасы (эмблемасы) қаланың айрықша ресми символы болатындықтан төлтаңба қала тұрғындары мен қала қонақтарына ерекше мерекелік көңіл күйді және Қызылорда қаласының өткені мен бүгінін, келешегін айқын бейнелейтін көріністерін қамтитын болады.

Байқауға заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар және түрлі салалардағы қызметкерлер, яғни қаламыздың кез келген тұрғыны өз бастамасымен қатыса алады.

Байқау жеңімпаздарын анықтау екі кезеңнен тұрады;

1 кезең, тамыз-қыркүйек аралығында Конкурсқа ұсынылған барлық жұмыстар конкурс комиссия қарауына беріледі;

2 кезең, тамыз-қыркүйек аралығында комиссия қарауынан өткен барлық жұмыстар әлеуметтік желілер (Facebook, ВКонтакте, Instagram) арқылы өткізілетін конкурсқа жіберіледі;

Қызылорда қаласының 200 жылдық төлтаңбасын әзірлеу байқауының жеңімпаздары бас жүлде қаржылай (500 000 тг. басталады) сыйақымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталатын болады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0