пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары болып Сакеев Руслан Кенесарыұлы мен Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлы тағайындалған болатын, деп хабаралайды NewTimes.kz.

Сакеев Руслан Кенесарыұлы 1978 жылы туылған. Білімі - жоғары. Заңгер, қаржыгер мамандықтарының иесі. Еңбек жолын 1999 жылы мемлекеттік құқықтық пәндер бойынша оқытушы қызметінен бастап, 2002-2003 жылдары ҚР Сенатының заңдылық және құқықтық реформа жөніндегі комитетінде, 2003-2007 жылдары Қарағанды облысында Ішкі саясат, әлеуметтік саласында, ҚР Әділет министрлігінде басшылық қызметінде, Үкімет жанындағы «ҚазСат» Бас директоры, «Альянс Банк» АҚ Департамент Директоры, дүниежүзілік банктің топ басшысы, және облыс әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлы 1978 жылы туылған. Білімі - жоғары. «Тарих, құқық және экономика негіздері», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. «Болашақ» бағдарламасымен білім алған. Философия және экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 2000 жылы ҚР Ішкі істер органынан бастап, ҚР Президентінің күзет қызметінде, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде, ҚР Мәдениет, Білім және Ғылым министрліктерінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңесшісі, ҚР Мәдениет және Ақпарат  министрлігінің тілдер комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Бас Прокурорының ерекше маңызды тапсырмалары бойынша аға көмекші қызметінде болған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0