суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
19oC
Астана:
icon
16oC
1xadv
×

Қызылордада қазақ күресінен жастар арасында жеңімпаздар анықталды

Жаңақорған ауданы Машбек ауылында «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының XII чемпионаты өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Ел чемпионатына Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 17 команда,  8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. 

Жарыстың қорытындысы бойынша 55 келі  салмақта І орын   –  Бекжан Төлепов Қызылорда обл.), ІІ орын – Даулет Ниетбай  (Алматы қ.),  ІІІ орындар – Ербол Алдухан (Алматы обл.),  Нұр Аманшүкіров (Жамбыл обл.).

       60 келі салмақта І орын  – Нұржан Тлеухор (Қарағанды обл.),  ІІ орын – Дидар Тұқышев  (ШҚО), ІІІ орындар Нұржан Теміржанов (Астана қ.), Дамир Абдеков (Қызылорда обл.).

      66 келі салмақта І орын  - Қоблан Жиенбек (Қарағанды обл.), ІІ орын – Ерік Әмір (ОҚО), ІІІ орындар – Абылайхан Шаратов (Атырау обл.), Сағындық Әшім (Астана қ.).

      74  келі салмақта І орын   – Данияр Темірханов  (Астана қ.),     ІІ орын – Алик Наниев (Алматы қ.), ІІІ орындар – Мерей Советкакин (ШҚО), Руслан Мұсаев (Маңғыстау обл.).

      82 келі салмақта І орын  - Ернат Мырзаханов (ОҚО), ІІ орын  - Ерсін Сейітқазынов  (ШҚО),  ІІІ орындар – Ерасыл Жанатаев  (Алматы қ.), Мади Амангелді  (Астана қ.).

      90 келі салмақта І орын   – Бекарыс Абушахман  (Алматы қ.), ІІ орын  - Нұрбек Дариялов  (Қызылорда обл.),  ІІІ орындар – Әлфараби Бекқұлы  (ОҚО), Мерей Бердіғали  (Қызылорда обл.).

      100 келі салмақта І орын   – Жасұлан Мұхаметханов  (ШҚО),  ІІ орын  - Ерасыл Әзімханов  (Жамбыл  обл.) ІІІ орындар – Олжас Сүлейменов   (БҚО), Нұржан Ерахан (ОҚО.).

      100 келі салмақта І орын   – Нұрғали Жолтаев  (Алматы обл.),   ІІ орын  - Мақсат Исағабылов  (Қызылорда обл.),  ІІІ орындар – Айбек Қалибеков  (ШҚО), Нұрдаулет Жарылғапов (Маңғыстау обл.).

Жарыстың «Үздік палуандары» - Нұрсұлтан Бейсенқұлов (Маңғыстау обл.), Шыңғыс Зәкен (Алматы обл.), Айболат Тынышпай (Жамбыл обл.), «Үздік төрешілер» - Дамир Рамазанов (БҚО), Думан Қыздарбеков (ШҚО), Серік Дәрменбаев (Қостанай обл.).   

Сондай-ақ, 23 жасқа дейінгі жастар арасында қазақ күресінен өткен түйе палуандар сайысында маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов бас жүлдені жеңіп алды. Қалған орындарды қызылордалықтар Мақсат Исағабылов пен Нұрым Сәлімгереевтер иеленді.   

Сонымен қатар, Еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған волейболдан және шағын-футболдан облыстық ашық турнирлер өтті. Волейболға 7 команда, шағын-футболға 10 команда қатысты.

Волейболдан өткен турнирдің қорытындысы бойынша:

І орын   – Әбдіғаппар ауылы (Жаңақорған ауд.)

ІІ орын – Жаңарық ауылы (Жаңақорған ауд.)

ІІІ орын – Шиелі ауданы

Турнирдің «Үздік ойыншылары»  - Айдын Байтұяқов (Жаңарық ауылы), Нұрбек Назарбек (Машбек ауылы), Бекарыс Еген  (Шиелі ауданы), Ержан Төлеков (Әбдіғаппар ауылы), Ғалымжан Бауыржанұлы (Жаңақорған ауданы).  

Шағын-футболдан жарыс қорытындысы бойынша:

І орын   – «Сығанақ» командасы (Жаңақорған ауд.)

ІІ орын – «Орион» командасы (Қызылорда қ.)

ІІІ орын – Бірлік ауылы (Жаңақорған ауд.)

Турнирдің «Үздік ойыншылары»  - Абай Жамалдин  (Жаңақорған ауданы), Досхан Мауленқұлов (Жайылма ауылы),  Ғалымжан Әділханов (Бірлік ауылы), Бекзат Құрманалиев (Қызылорда қ.), Әлмахан Тұрдан (Машбек ауылы).

Сондай-ақ, еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен түйе палуандар арасында III халықаралық турнир өтті. Оған Грузия, Өзбекстан және Қазақстаннан 15 палуан қатысты.

Нәтижесінде Алматы қаласының палуаны Руслан Абдразақов 1-орынды (1 млн. теңге) иеленді.  2-орынды  жамбылдық  Айдос Теңгебаев (500 мың теңге) қанжығасына байлады.  Ал 3-орынды  Өзбекстан палуаны Ихтиор Халмурадов (300 мың теңге) қанағат тұтты.

Айта кетейік, жарыстарға  400-ге жуық спортшы қатысты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0