четверг, 18 апреля 2024 г.
icon
448.89
icon
477.93
icon
4.76
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

Қызылорда облысында сәбилер өлімі көрсеткіші төмендеді

Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Қызылорда облысында сәбилер өлімі 53 %-ға төмендеді. Ана өлімі тіркелген жоқ. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, балалардың аурушаңдығын төмендету, өлім-жітімді болдырмау мақсатында «Тиімді технологиялар тренингтік орталығы» ашылған. Орталыққа жергілікті бюджеттен 7 млн 500 мың теңге бөлінген. Олардың көмегімен аурушаңдық деңгейін ерте анықтауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, кадрларды оқыту, қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру нәтижесінде неанотолог, травматолог, онколог мамандары сияқты өте қажетті мамандардың тапшылығын азайтты. Кадр әлеуетін арттыруға облыс бюджетінен 60 млн.теңге бөлінді.

Мамандар мәселесінің шешілуі нәтижесінде, емханадағы дәрігерлік аймақтағы халық санын 2200-ден 1800-ге дейін төмендетілді.

«Денсаулық сақтау саласын медициналық ақпараттық жүйемен қамту үшін облыстық бюджеттен 275 млн теңгеге компьютерлер алынды. Әр дәрігерге бір компьютерден. Электронды ақпараттық жүйелерді енгізу арқылы медицина қызметкерлерінің қағазбастылығын жояды. Дәрігердің пациентке көңіл бөлу уақытын молайтады», - деді Ақмарал Шәріпбайқызы.

Биыл мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында №3 емханада амбулаториялық хирургия орталығы ашылды. Сондай-ақ, қант диабетіне шалдыққан науқастар үшін облыстық медициналық орталығында диабетикалық орталық қызмет көрсете бастады. Алдағы уақытта, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңбері аясында 4,6 млрд теңгені құратын 6 нысан іске асырылады. Соның бірі, қыркүйек айында №2 қалалық емхананың орнына 400 келушіге арналған емхана ашылады. Осы жылы Тасбөгет кентінде емхана және Ақжарма, Жөлек, Бекбау, Өркендеу ауылдық елді мекендерінде дәрігерлік амбулатория құрылысы басталады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0